Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Отандық кітаптардың 50 % астамы балалар мен жасөспірімдерге арналған

Отандық кітаптардың 50 % астамы балалар мен жасөспірімдерге арналған

Қазақстанда жарық көріп жатқан кітаптардың 50 пайыздан астамы балалар мен жасөспірімдерге арналған. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бүгінде балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру бағытында бірқатар шаралар жүріп жатыр. Сонымен қатар оқу, жазуға ынталы жас таланттарды да қолдауға аса мән берілуде. Бүгінде елімізде шығатын кітаптардың 50 пайыздан астамы балалар мен жасөспірімдерге арналған. Және соңғы шығып жатқан кітаптарда арнайы QR код бар, ол балаларға оқуға ыңғайлылық үшін жасалып отыр. Яғни қажет жағдайда кітапты электронды форматта да оқи алады. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады», - деді Ақтоты Райымқұлова елордада өтіп жатқан ұлттық мектеп спорт лигасы барысында. Сондай-ақ, министр балалар шығармашылығын дамытуға арналған шараларға тоқталып өтті. «Бүгін елордада «Жас қаламгер» балалар мен жасөспірімдерге шығармашылық байқау қорытындыланды. Елімізге танымал ақын, жазушылар балаларға дәріс оқып, әдебиет саласына жол ашып берді. Одан бөлек, жуырда ғана «Ер төстік» әдеби фестивалі де өз мәресіне жетті. Оған әр өңірден дарынды балалар қатысып, бақ сынады. Ол жерде балалар мен жасөспірімдердің үздік деген авторлық шығармалары айқындалды. Елімізде шығармашыл таланттар жеткілікті және біз оларды қолдауға әзірміз», - дейді ол.


15 қазан 2021 ж. 840 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 156

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 158

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031