Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Заңсыз лоторея ойнатып жүрген блогерлер келтірген шығынына байланысты тексеріледі

Заңсыз лоторея ойнатып жүрген блогерлер келтірген шығынына байланысты тексеріледі

Фото: shutterstock
Қазақстанда лоторея ойнату үшін арнайы лицензия керек. Ал оңды-солды заңсыз лоторея ойнатып жатқан блогерлердің әрекеті келтірген шығынына қарай тексерілетін болады. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Ерлан Өтегенов Сенат кулуарында айтты.
«Лоторея ойнату – лицензиялатын қызмет түрі екені белгілі. Арнайы лицензиясыз лоторея ойнатып жатқан блогерлердің іс-әрекеті келтірген шығынына байланысты сарапталады. Ал Жанабыловтарға келетін болсақ, қазір сот жүріп жатқаны белгілі. Сот шешімі шыққан соң ғана пікір білдіре аламыз», – деді ол.
Жанабыловтар ісі
2025 жылдың 18-21 тамызы аралығында Instagram-да @Zhanabylov_e және @elt6i аккаунты арқылы танымал блогерлер 10 автокөлік ойнататынын жариялады.Алайда тікелей эфирдің орнына қолданушыларға Zhana Business атты ақылы оқу курсының сілтемесі ұсынылған. Курс құны – 30 мың теңге. Ұтысқа қатысу үшін осы курсты сатып алу қажет болған. Бұл жағдай әлеуметтік желіде сынға ұшырап, мемлекеттік органдарға шағым түсті.
Жанабыловтарға қатысты әкімшілік іс 2025 жылдың 5 қыркүйегінде басталды. Содан кейін сот заңсыз лотерея өткізу фактісі бойынша қозғалған әкімшілік істі тоқтату туралы қаулы шығарды. Бұл істе қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бар болғандықтан, іс экономикалық тергеу департаментіне жолданатын болды.
02 сәуір 2026 ж. 127 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930