Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда әншілердің ұтыс ойнатып, ақша табуы заңсыз

Қазақстанда әншілердің ұтыс ойнатып, ақша табуы заңсыз

Ал танымал жандардың бұлай табыс тауып, лоторея өткізуге заң жүзінде құқығы жоқ екен. Мамандардың сөзінше, оларға тіпті қылмыстық іс қозғауға болады. Сонымен, ұтыс деп салықты ұмытқан отандық селебрити өкілдері кім? Олардың өздері заң бұзғандарын біле ме?

"Құрметті менің оқырмандарым!. Сіздермен мен кезекті лоторея ойынымды өткіземін. Барлықтарыңыз жиналсаңыздар, бастайық! Басты ұтыс - автокөлік".

Дәл осылай инстаграм желісі арқылы тікелей эфирде лоторея ойынын өткізетін шоу-бизнес өкілдері көбейіп кетті. Мұндай ойындардың кімге пайдасы бар, қаншалықты заңды?

Бүгінде әлеуметтік желіні ашсаң болды онлайн лоторея ойнатқан жұлдыздардан көз сүрінеді. 5-10 мың төлеп ұтысқа қатыссаң қарық боласың, кемі көлік ұтасың, баспаналы боласың дейді.

Оқырмандарының саны 2 миллионнан асатын айтыскер ақын бүгінде тренинг өткізуді трендке айналдырған Айнұр Тұрсынбаева астананың
қақ төріндегі зәулім сарайны ұтысқа қойды. 120 млн тұратын баспананың иесі 1 қарашада белгілі болмақ.

Әріптестерінен Алмас Кішкенбаев та қалысар емес. Елордадағы екі бөлмелі пәтерін ұтысқа тіккен ол -люстра мен жатын төсекті, тіпті 400 мың теңгелік кілемді де қалдырмақ.  

Отбасылық өмірі баянды болмаған әнші өткен өмірінің бір естелігінен осылайша  құтылғысы келген тәрізді.

Ал, осындай жолмен пайдаға кенелгісі келгендердің әрекеті қаншалықты заңды, қомақты қаржы тапқандар қазынаға салық төлеп жүр ме?
"Ол енді не дейді қазақта «Бір қашасың құтыласың, екі қашасың құтыласың, үшіншісінде тұтыласың» дейді ғой. Ол бәрібір ешқайда кетпейді. Төлеуге міндетті", - дейді қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті жұртшылықпен байлыныс бөлмінің басшысы Олжас Отар. 

Иә, міндетті. Жуырда бәрі заңмен реттелмек. Парламентте "Лотереялар және лотерея қызметі туралы" заң жобасы жатыр. Құжатта қазынаға көк тиын да төлемей, тайраңдап жүргендерге тұсау салу көзделген.

"Біреудің мұқтаждығын пайдаланудың қажеті жоқ. Қазақтың жақсы бір мақалы бар: «Соқыр көргенін, жаман бергенін айтады» деп. Қайырымдылық жасаймыз десек, оны үндемей күнделікті өмірімізде жасауымыз керек", - деді депутат Бейбіт Мамраев. 

"Заң әрқашанда бар. Брақ жұмыс жасамайтын заңдар бар. Бұл бойынша әкімшілік жаза қолдануға болады. Лизензиясыз жүзеге асыру Қылмыстық кодексте де қарастырылған", - адвокат Жандос Тұяқов.

Ал, имамдар лотореяда құмар ойынның көрінісі барын айтады. Адамдар белгісіз нәрсеге ақша тігеді. Ал, оның пайдасын көретін - жеке тұлға. Дінімізде бұл үлкен күнә.

"Жалпы  шариғатта тыйым салынған нәрселерге сауап болмайды ғой. Біздің сол нәрселерден тапқан табысымыздың өзі де уже күмәнді, көрдіңіз бе?!. Шариғат қайтарған нәрсемен тапқан табыстың өзі күмәнді болғаннан кейін не істеу керек, ол нәрседен сақтану керек", - дейді имам Дінмұхамед Сманов.

Енді мына қызықты қараңыз. Қарық қыламын қомақты ақшаны қалтаға басқан кей әншілер тіпті ұтысты өткізбейді де екен. Тіпті, лоторея ойнатып жүрген жұлдыздардың бірде-бірі заңды түрде тіркелмеген болып шықты. Салықшылардың айтуынша, бұл іспен елімізде арнайы компанияның ғана айналысуға құқы бар. Ал, желі жұлдыздарының мұндай әрекеті қай жағынан алсаң да заңсыз.
 
27 қазан 2019 ж. 719 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 101

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 97

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 97

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 89

Кітап – Ұлттық қазына

18 сәуір 2025 ж. 167

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930