Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Салық дауы: бюджетте тапшылық, блогерлерде баршылық

Салық дауы: бюджетте тапшылық, блогерлерде баршылық


Фото: Massaget.kz
Кейінгі күндері әлеуметтік желіде блогерлердің табысы жайлы бейресми ақпарат тарады. Жария болған құжаттарда елдің ең танымал блогерлері мен жұлдыздарының аты-жөндері, олардың табысы көрсетілген. Massaget masele мән-жайға үңілді.

Блогерлер шынымен салықтан жалтарып жүр ме? Әлде мемлекет жаңа салық реформасын қабылдау үшін қоғам назарын басқа жаққа бұрып отыр ма? Тізімдегі миллионер блогерлердің реакциясы қандай? Олар шын мәнінде қарыз ба, әлде бұл салық органдарының қатесі ме?
Блогерлердің салық бойынша берешегі бары туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тез тарады. Тізімдегі танымал есімдер:  көш бастап тұрған Бейбіт Әлібеков (2,1 млрд теңге), Айқын Төлепберген (287 млн теңге),  Өркен Кенжебек (215 млн теңге), Мейрамбек Бесбаев, Баян Алагөзова, Ерке Есмахан және тағы басқалар.
Тізімдегі ақпарат бойынша блогерлер арасында жалғыз миллиардер бар, қоржынында 2 миллиард теңге, ол - танымал блогер Бейбіт Әлібеков. Бұл дауға қатысты ол желідегі парақшасында "Мені енді Forbes тізіміне қоса берсе бола ма?" деп мысқылдап жазба қалдырыпты.

"БАҚ беттерінен оқып шықтым, блогерлер бір ай ішінде 53 миллиард теңге салық төлеуі керек екен. 600 адамнан есептесек, 533 миллиард теңге, яғни бір блогер 1 миллиард доллар табыс тапты деген сөз. Яғни 60 000 блогер теориялық тұрғыда 107 миллиард доллар жасай алады, бұл Қазақстанның ЖІӨ-нің үштен бірінен көп. Онда бізге мұнай керек жоқ екен ғой, блогерлерді шығару керек", - деп әзілдеген блогер Бейбіт Әлібеков.

Айта кетейік, Бейбіт Әлібековтің 1 миллион 600 мың оқырманы бар. Ол желідегі парақшасында түрлі компаниялардың өнімін жиі жарнамалайды. 

Қарыздың қара тізімінде тек шоу-бизнес өкілдері жүрген жоқ. Онда белгілі қоғам қайраткері Мұхтар Тайжанның да есімі жүр. Саясаткер бұл тұста арнайы сұхбат бермеген, тек "Facebook парақшасындағы мына жазбаны пікірім деп санарсыңдар" деп қысқа қайырды. Оның үстіне Мұхтар Тайжан бұл тізімде қайдан жүргенін салық қызметкерлерінен анықтап алыпты.
"Facebook, Instagram парақшаларымда және YouTube арнамда оқырман көп болғандықтан, блогерлер тізіміне қосып қойған екен. Салық қызметкерлері мені заңсыз жарнамамен айналысты деп күдіктеніп, ол бойынша салық төлемеді деп ойлап, менің барлық жеке банк картамнан қолма-қол ақша операцияларын сұрады. Салық қызметкерлері оның бәрі жарнаманың ақшасы деп ойлаған. Бірақ оның ішінде заңды тұлғалардан бірде-бір ақша түспеген. Бәрі жеке аударымдар: отбасылық аударымдар, басқа банктегі шоттарымнан, өз депозиттерімнен, банкоматтардан қолма-қол ақшаны толтыру және т.б. Салық органдары мұның барлығын жарнама үшін салық салынатын табыс ретінде есепке алған", - дейді Мұхтар Тайжан.

Massaget masele-ге бұл турасында сарапшылар да пікір білдірді.

"Блогерлерге салық салу мәселесі айтып жатыр. Менің ойымша, дұрыс нәрсе. Өйткені әрбір табыстан салық төленуі керек. Оның реттілігі болуы керек, ол жүйеленген болуы керек..." - дейді экономист Мақсат Халық.

Мемлекеттік кірістер комитеті де реакциясыз қалған жоқ. Олардың сөзінше, байбалам салатын ештеңе жоқ, бұл - қалыпты тексеріс.
21 ақпан 2025 ж. 320 0

Жайың қалай, жұмысшы?

22 ақпан 2025 ж. 51

Арал: Жыл және жетістік

21 ақпан 2025 ж. 146

ТҰРҒЫНДАР НАЗАРЫНА!

21 ақпан 2025 ж. 113

Керек дерек

21 ақпан 2025 ж. 134

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728