Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Заңсыз майнингпен айналысқандар елімізге 1,3 млрд теңге залал келтірген

Заңсыз майнингпен айналысқандар елімізге 1,3 млрд теңге залал келтірген

Фото: istockphoto.com
2024 жылдың басынан бері жалпы 1,3 млрд теңгеге залал келтірген 17 қылмыстық іс тіркелді. Ең жиі анықталған заңсыз майнинг фермалары Астана қаласында – 6, Шымкент пен Қостанайда – 3 жағдайдан тіркелген, деп хабарлайды turkystan.kz.
Аталған істер аясында 642 мың АҚШ доллары көлеміндегі цифрлық активтер тәркіленді.
Айта кету керек, кейбір заңсыз майнинг фермалары электр энергиясын ұрлау арқылы жұмыс істеген (5 ферма). Олардың тұтынған энергия көлемі ірі қаланың шығынына тең. Сондай-ақ фермалар орналасқан аймақтардағы тұрғындардың тыныштығын бұзу фактілері тіркелген.
Электр энергиясын заңсыз тұтыну салдарынан ресурстар нақты бизнес-жобаларға, өнеркәсіпті дамытуға және әлеуметтік нысандарды қамтамасыз етуге бағытталмайды.
Сонымен қатар Мемлекеттік кірістер комитетінің деректеріне сәйкес, соңғы үш жылда майнинг саласынан бюджетке 17 млрд теңгеден астам қаражат түскен. Бұл салаға тиімді реттеу қажеттігін көрсетеді.
Агенттік Қазақстанда майнингпен айналысу тек лицензия болған жағдайда ғана рұқсат етілетінін еске салады. Заңды қызмет үшін жабдықтың сәйкестігі, энергиямен жабдықтау шарты және салықтық міндеттемелердің орындалуы талап етіледі.
Заңсыз майнинг — қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соғады, елдің экономикалық қауіпсіздігіне нұқсан келтіріп, энергиямен жабдықтаудағы ақауларға себеп болады.


03 қазан 2025 ж. 139 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 34

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031