Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда студенттердің стипендиясын тағы да өсіру жоспарланып отыр

Қазақстанда студенттердің стипендиясын тағы да өсіру жоспарланып отыр

Қазақстанда студенттердің стипендиясын тағы да өсіру жоспарланып отыр
 Сурет: Pixabay
Студенттердің стипендиясын көтеру мәселесі қайта қаралуда.
Елімізде студенттердің стипендиясын жыл сайын көтеру бағдарламасын қайта бастау жоспарға алынды. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, соңғы бес жылда «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында стипендия кезең-кезеңмен, жыл сайын 20-25%-ға артып отырған.
«Нәтижесінде ол 100%-ға дейін өсті. 2025 жылы біз бұл бағдарламаны аяқтадық. Қазір үкіметпен осы мәселені пысықтап, стипендия мөлшерін жыл сайын қайтадан өсіріп отыру үшін осы бағдарламаны қайта бастағымыз келеді», - деді Саясат Нұрбек Үкіметте өткен брифингте.
Министр бес жыл ішінде докторанттардың шәкіртақысы ең көп өскенін атап өтті. Айтуынша, қазір PhD докторанттар ай сайын шамамен 254 мың теңге алады. Алдағы уақытта мөлшерін көтеру тағы да жоспарға алынған.
Сондай-ақ Саясат Нұрбек мемлекет мемлекеттік ЖОО-лардағы оқу ақысының бағасын реттеп, оның күрт өсуіне жол бермейтінін айтты. Университеттерге бағаны тек аздап, 10 пайыздан аспайтын мөлшерде ғана өсіруге рұқсат етіледі. Сондықтан биыл оқу ақысы айтарлықтай қымбаттамайды, деп сендірді ведомство басшысы.
31 наурыз 2026 ж. 77 0

Стиль мен сана байланысы

31 наурыз 2026 ж. 60

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031