Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Келер жылы грант ақшасы студенттің шотына тікелей аударылады

Келер жылы грант ақшасы студенттің шотына тікелей аударылады

Келесі жылдап бастап грантқа ие болған студенттің оқу ақысы мен шәкіртақысы арнайы шотқа тікелей аударылады. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек осылай деп мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Министрдің айтуынша, аталған жоба бірнеше жылдан бері талқыланып келе жатыр.
Келесі жылдан бастап, отбасылық әмиян енгізіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында тиісті ақпарат берілді. Енді әр студент грант ақшасы мен стипендиясын сол цифрлық әмиян арқылы алады. Енді біз жоғары оқу орындарына ақшаны бөлмейміз. Студенттер өз ақшасымен университетке барады, - деді министр Үкімет кулуарында.
Саясат Нұрбектың атап өтуінше, цифрлық әмиян жобасын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау әрі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктері бірлесіп жүзеге асырады.
Әр отбасының өзінің арнайы шоты болады. Оны эскроу шот деп атаймыз. Оған түскен ақша тек денсаулық сақтау, әлеуметтік қызмет немесе білім беру қызметтеріне жұмсалады. Біз электронды әмиянның іске қосылғанын күтіп отырмыз. Қазір министрліктің заңнамалық базасын өзгертіп жатырмыз. Жоба іске қосылса, жоғары оқу орындарына ақшаны тікелей аудармаймыз. Студент оқу ақысымен бірге университетке барады әрі стипендиясын аталған шотынан алып тұрады, - дейді ведомство басшысы.
13 қыркүйек 2022 ж. 259 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930