Қазақстандық студенттердің стипендиясы тағы өседі
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 2025 жылға қарай студенттердың шәкіртақысы тағы екі есеге өсетінін мәлімдеді, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі.
Министр соңғы жылдары гранттар саны екі есеге жуық өскенін атап өтті. Оның айтуынша, 2025 жылға қарай гранттар саны кезең-кезеңмен 75 мыңға дейін жетеді.
Сонымен қатар студенттердің шәкіртақысы да көбейеді.
"Президент тапсырмасы аясында студенттердің стипендиясы 2025 жылға қарай екі есеге, ал магистранттар мен докторанттардың стипендиясы 1,5 есеге артады", - деді Аймағамбетов үкімет отырысында.
Айта кетсек, қазір бакалавр студенттері 31 423 теңге стипендия алады. Педагогика мамандықтары бойынша оқитын студенттерге 50 400 теңге төленеді.
Болашақ дәрігерлердің шәкіртақысы да екі есеге – 26 186 теңгеден 50 400 теңгеге дейін ұлғайды.
Магистранттардың стипендиясы – 76 950 теңге, докторанттар – 172 500 теңге алады.