Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сапаға сын болмауы тиіс

Сапаға сын болмауы тиіс

Аудан аумағында ұлттық жобалар мен мемлекеттік бағдарламалар аясында, инвесторлардың демеушілігімен бой көтерген жаңа нысандар қатары артып келеді. Солардың бірі – Қожабақы ауылындағы заманауи спорт кешені. Бұл нысан аудан тұрғындарына спортпен белсенді айналысуға, жастар мен ересектердің денсаулығын нығайтуға мүмкіндік береді.
Жуырда аудан әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаев спорт кешенінің құрылысымен танысып, нысанның сапасын тексерді. Ол мердігер мекеменің басшысы мен құрылысшыларға жұмысты белгіленген мерзімде сапалы аяқтау қажеттігін нақты ескертті.
Қазіргі таңда құрылыс жоспарға сай жүргізіліп, негізгі кезеңдері аяқталуға жақын. Ғимараттың шатыр жабындысы толық орнатылып, сыртқы қабырғалары жылу оқшаулау материалдарымен қапталған. Заманауи линеарлы панельдермен әрлеу жұмыстары да аяқталды. Нәтижесінде ғимарат тек эстетикалық жағынан көркем емес, сонымен қатар энергия тиімділігі бойынша заманауи стандарттарға сай келеді.
Ішкі және сыртқы кәріз жүйелері толық іске қосылған, бу қазандығының іргетасы қаланған. Сыртқы ауыз су желісі тартылып, ғимаратты сумен қамтамасыз ету мәселесі шешілген. Қазіргі таңда нысанда ішкі әрлеу және сырлау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары ауданның тәжірибелі мердігері – «Намыс-Құрылыс» ЖШС жүзеге асыруда.
Айта кету керек, бұл жоба «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Бағдарлама бойынша Қожабақы ауылымен қатар аудан орталығы – Әйтеке би кентінде де мәдени-демалыс кешенін қамтитын заманауи спорт кешендері бой көтеруде. Мұндай жобалар тұрғындардың өмір сапасын арттырып, спорттық инфрақұрылымды дамытуға, жастар арасында дене шынықтыру мен салауатты өмір салтын насихаттауға зор үлес қосады.
Қожабақыдағы спорт кешені іске қосылса, ол тек спортпен айналысу орны ғана емес, ауыл тұрғындары үшін әлеуметтік белсенділік пен қауымдастықты нығайтуға арналған жылы әрі заманауи орталыққа айналары анық.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
31 наурыз 2026 ж. 24 0

Сапаға сын болмауы тиіс

31 наурыз 2026 ж. 25

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031