Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудандағы мал шаруашылығын дамыту жұмыстарына зерделеу жүргізілді

Аудандағы мал шаруашылығын дамыту жұмыстарына зерделеу жүргізілді

Бүгін аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаев пен Партиялық бақылау комиссиясының мүшесі, аудандық мәслихат депутаты Күншығар Әбілов партияның Сайлауалды бағдарламасының Жол картасы аясында мал басын көбейту, асылдандыру және өнімділігін арттыру бағытындағы міндеттердің орындалу барысына зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Партия өкілдері ауданымыздағы ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорны – «РЗА» АҚ-на барып, ондағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Кәсіпорында асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, сүт және ет өнімдерін өңдеу, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру және тамақ өнімдерін өндіру ісі жолға қойылған. Мониторинг барысында кәсіпорын өкілдері мал басын көбейту, тұқымдық сапаны жақсарту және өнім көлемін арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап берді.

Сондай-ақ, аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің маманы Жол картасы аясында жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік қолдау тетіктері мен нақты нәтижелер туралы ақпарат берді.

Комиссия мүшелері кәсіпорын өкілдерінің ұсыныстарын тыңдап, саладағы өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары жөнінде пікір алмасты.

#AMANAT
27 наурыз 2026 ж. 29 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031