Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мал шаруашылығын дамыту жұмыстарына зерделеу жүргізілді

Мал шаруашылығын дамыту жұмыстарына зерделеу жүргізілді


Бүгін аудандық партия филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Әділбек Сарабеков пен партия филиалының Атқарушы хатшысы, комиссия мүшесі Нұрғиса Жалғасбаев Сайлауалды бағдарламаның Жол картасында көзделген мал басын көбейту, оны асылдандыру және өнімін ұлғайтуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларының орындалуын бақылау мақсатында мониторинг жүргізді.
Партия өкілдері бордақылау, ет және шұбат өнімдерін өңдеумен айналысатын «Жеңіс» шаруашылық кешеніне барып, оның жұмысымен танысты. Шаруашылықтың негізгі бағыты – түйе шаруашылығы. Бүгінде кешенде 100 түйе болса, оның 55-і аналық бас, қалған 45-і боталар.

Мониторинг барысында аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары Сапарбек Қуатов Жол картасы аясында мал шаруашылығын дамыту, оны асылдандыру және өнімділігін арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады.

Комиссия мүшелері шаруашылық өкілдерінің ұсыныстарын тыңдап, саланы дамытуға қатысты пікір алмасты.

#AMANAT
26 наурыз 2025 ж. 626 0

Жұмбағы мол Жанкент

22 тамыз 2026 ж. 58

Қойнауы құт Қызылқұм

22 тамыз 2026 ж. 57

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31