Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мал шаруашылығына көрсетілетін мемлекеттік қолдауға зерделеу жүргізілді

Мал шаруашылығына көрсетілетін мемлекеттік қолдауға зерделеу жүргізілді

Бүгін аудандық партия филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Әділбек Сарабеков пен комиссия мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары Күншығар Әбілов, Талғат Әліпбаев, партия филиалының сарапшысы Алтынай Кенжалиева партияның Сайлауалды бағдарламасының Жол картасында көзделген мал басын көбейту, оны асылдандыру және өнімін ұлғайтуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларының орындалуын бақылау мақсатында мониторинг жүргізді.

Партия өкілдері асыл тұқымды мал шаруашылығымен айналысатын, сүт пен етті өңдеу, сондай-ақ ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірумен және тамақ өнімдерін өндірумен шұғылданатын ірі кәсіпорын «РЗА» АҚ-на барып, ондағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Мұнда мал басын көбейту, оны асылдандыру және өнімділігін арттыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде. Аталған жұмыстар туралы сондағы маманн жан-жақты таныстырды.

Мониторинг барысында аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары Сапарбек Қуатов Жол картасы аясында мал шаруашылығын дамытуға қатысты атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады. Комиссия мүшелері кәсіпорын өкілдерінің ұсыныстарын тыңдап, саланы дамытуға қатысты пікір алмасты.

#AMANAT
16 мамыр 2025 ж. 223 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 130

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 124

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 110

Жұмысшы жастар – ел ертеңі

20 желтоқсан 2025 ж. 108

Шырша шамы, жарқыра!

20 желтоқсан 2025 ж. 114

Тәрбие мен таным

20 желтоқсан 2025 ж. 106

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031