Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда ауруханадағы туыстарының жағдайын онлайн қарап отыруға мүмкіндік беретін жаңа қызмет іске қосылмақ

Қазақстанда ауруханадағы туыстарының жағдайын онлайн қарап отыруға мүмкіндік беретін жаңа қызмет іске қосылмақ

Фото: freepik.com
Қазақстанда науқастардың туыстарын ақпараттандыруға арналған сервисті енгізу бойынша пилоттық жоба әзірленіп жатыр. Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі хабарлайды.
Мұны премьер-министр Олжас Бектенов депутаттық сауалға берген жауабында мәлімдеді.
Ақпан айында сенатор Жанна Асанова науқас ауруханаға түскен кезде оның жағдайы туралы туыстарына ақпарат алуға мүмкіндік беретін механизм құруды ұсынған еді. Ол өз сауалында туыстар көбіне қажетті мәліметке қол жеткізе алмайтынын айттыі: дәрігерлер бос емес, науқасқа кіруге рұқсат жоқ, ал қабылдау бөлімі мен тіркеу бөлімінде нақты әрі өзекті ақпарат болмайды.
Премьер-министрдің айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігі медициналық ақпараттық жүйелерді әзірлеушілермен және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, аталған сервисті енгізу мәселесін пысықтап жатыр. Жоба аясында:
госпитализация мәртебесі туралы бірыңғай ақпараттық арна құру (науқастың бөлімшеде болуы, жансақтау бөлімінде жатуы, операцияда болуы немесе басқа бөлімшеге ауыстырылуы);
өтініш берушінің жеке басын сәйкестендіру және оның өкілеттігін растау тетіктерін қамтамасыз ету;
сервисті медициналық ақпараттық жүйелермен интеграциялау, өтініштерді тіркеу және ақпаратқа қолжетімділікті шектеу;
медициналық ұйымдардың науқастардың туыстарымен байланыс орнату тәртібі мен бірыңғай стандарттарын әзірлеу қарастырылған.
“Пилоттық жоба жекелеген өңірлердегі медициналық ұйымдар базасында жүзеге асырылады. Астана қаласы мен Алматы облысының әкімдіктері жобаға қатысуға дайын екенін білдірді. Нәтижесі бағаланған соң оны республика бойынша кеңейту жоспарланып отыр. Бұл механизм медициналық қызметкерлерге түсетін жүктемені азайтып, даулы жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді”, – делінген жауапта.
Сонымен қатар Олжас Бектенов Damumed мобильді қосымшасында жансақтау бөліміндегі науқастардың жағдайы туралы туыстарына хабарлама жіберу функциясы бар екенін еске салды. Қазір бұл сервисте 5,3 миллионнан астам пациент тіркелген. 2025 жылы аталған функция арқылы 132 мыңнан астам хабарлама жолданған.
26 наурыз 2026 ж. 50 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031