Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Цифрлық болашақ: AI, IT, VR және робототехника әлемі» тақырыбында жобалар көрмесі өтті

«Цифрлық болашақ: AI, IT, VR және робототехника әлемі» тақырыбында жобалар көрмесі өтті

Бүгін Қазалы ауданындағы №266 мектеп-лицейде «Цифрлық болашақ: AI, IT, VR және робототехника әлемі» тақырыбында жобалар көрмесі өтті. Тағылымды шара Жалпыұлттық Наурызнама онкүндігінің Жаңару күні аясында ұйымдастырылды.
Көрмеге аудан әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаев қатысып, жас өнертапқыштардың тың бастамалары мен заманауи жобаларымен танысты. Өз сөзінде ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылына сәйкес елімізде бұл бағыттағы жұмыстарға ерекше мән беріліп отырғанын атап өтті. Сондай-ақ, жастардың технологиялық ойлау қабілеті мен жаңашыл идеялары – ел болашағының кепілі екенін жеткізді.
Іс-шара барысында оқушылар жасанды интеллект, ақпараттық технологиялар, виртуалды шынайылық және робототехника салаларындағы өз жобаларын ұсынып, шығармашылық және зияткерлік әлеуеттерін көрсетті. Көрме қатысушылары инновациялық шешімдер ұсынып, заманауи технологияларды меңгеруге деген қызығушылықтарын дәлелдеді.
Мұндай бастамалар – білім мен технологияны ұштастырып, болашақ мамандарды қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам. Жас буынның ізденісі мен талпынысы – еліміздің цифрлық даму жолындағы сенімді тірегі.
Шара соңында қатысушылар естелік суретке түсіп, өзара пікір алмасып, тәжірибе бөлісті.
19 наурыз 2026 ж. 6 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031