Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кореялық студенттер Қызылордада тәжірибе алмасты

Кореялық студенттер Қызылордада тәжірибе алмасты

Kyzylorda-news.kz Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Жасанды интеллект институтында Сеул Ұлттық Ғылым және Технология университетінің студенттері тәжірбие алмасты.

Студенттер жасанды интеллект саласындағы зерттеу жобаларына қатысып, өз тәжірибелерін ортаға салды. Екі университеттің білім алушылары ғылым мен білім саласында бірқатар тақырыптар бойынша жұмыс істеді. Сонымен қатар, заманауи ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллекттің келешектегі даму бағыттарын талқылады.

“Біз тек академиялық білім мен тәжірибе ғана алмасып қоймай, мәдениетаралық қарым-қатынасты нығайтуға мүмкіндік алдық. Қазақстандағы білім беру жүйесі мен ғылыми зерттеулердің қарқынды дамығанын байқадым. Қорқыт ата университетіндегі жасанды интеллект және робототехника саласындағы зерттеулер ерекше қызық болды. Себебі бұл бағыттар біздің университетімізде де кеңінен зерттелуде”, - деді Со Бо Гиль.

Шетелдік студенттер Сыр елінің тарихи орындарына барып, қазақ елінің ұлттық құндылықтарымен жақыннан танысты. Сондай-ақ, жасанды интеллект институтының білім алушыларымен дәстүрлі корей мерекесі – Соллаль жаңа жылын атап өтті.

Оқу орнының басты мақсаты – студенттер мен оқытушыларға жоғары сапалы білім беру ғана емес, сонымен қатар оларды әлемдік ғылым мен технологиялар саласында жетекші мамандармен тәжірибе алмасуға бағыттау.

Алдағы уақытта да шетелдік оқу орындарымен ортақ жобалар мен зерттеулер жүргізіп, ғылыми ынтымақтастықты одан әрі кеңейту жоспарлануда.
27 қаңтар 2025 ж. 153 0

Жасыл алма

28 қаңтар 2025 ж. 145

Сыр сүлейі Ерімбет

28 қаңтар 2025 ж. 132

Асығы алшысынан түсті

28 қаңтар 2025 ж. 131

Қолөнер – өшпес мұра

28 қаңтар 2025 ж. 121

Шабандоздар шаң қаптырды

28 қаңтар 2025 ж. 122

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031