Қытай болаттан 10 есе берік материал жасап шығарды
Қытай айтарлықтай технологиялық серпіліс жасап, болаттан 10 есе берік T1200 көміртекті талшығын жаппай өндіре бастағанын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Liber Tatea басылымының жазуынша, Қытайдың ұлттық құрылыс материалдары тобы (CNBM) T1200 көміртекті талшығын зертханалық кезеңнен өнеркәсіптік өндіріске сәтті өткізіп, жылына 100 тонна өндіріс қуатын қамтамасыз етті.
Бұл жетістік 20 жылдан астам уақыт жүргізілген қарқынды зерттеулердің нәтижесі болды. Талшықтың беріктігі 8 гигапаскальдан (ГПа) асады.
Бұл оны қауіпсіздікке нұқсан келтірмей, салмақты азайту маңызды болатын салалар үшін өте қолайлы етеді. Қытайдың жоғары тиімді көміртекті талшық нарығына шығуы жаһандық бәсекені күшейтуде.
Бұған дейін АҚШ-та қозғалтқыш пен батарея негізінде жұмыс істейтін алғашқы гибридті ұшақ жасалғаны хабарланған еді.













