Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда шығарылған арматура қай елдерге экспортталады

Қазақстанда шығарылған арматура қай елдерге экспортталады

Фото: Pexels
Биылғы бірінші жартыжылдықта елімізде 510 мың тонна құрылыс арматурасы өндірілген.

Қазақстандағы құрылыс арматурасының нарығы негізінен көміртекті болат және болаттың аз қоспаланған өнімдерінен тұрады. Бұл өнімдер осы нарықтың ең дамыған сегментіне жатады.

Құрылыс арматурасы тұрғын үй, коммерциялық және өндірістік ғимараттар құрылысында, көпір, жол сияқты инфрақұрылым объектілерін салуда қолданылады.

Биылғы алты айда еліміздегі құрылыс арматурасының өндіріс көлемі 510 мың тонна болды (2023 жылдың деңгейімен салыстырғанда +13,5%), ал ішкі тұтыну көлемі 782 мың тоннаға жетті (+11,6%).

Жетпеген қажеттілік көлемі ТМД елдерінен алдырылды.

Есепті кезеңде қазақстандық өнім Тәжікстан (62%) және Өзбекстан (22%) нарығына экспортталған.

Құрылыс арматурасы сегментінің өсу қоры — 431 мың тонна.

Қазақстанда арматураны өндіретін негізгі кәсіпорындар: Qarmet АҚ (Қарағанды облысы), «ЕвразКаспианСталь» ЖШС (Қостанай облысы), KSP Steel ЖШС және «Кастинг» ЖШС (Павлодар облысы), «Тараз арматура зауыты» ЖШС» (Жамбыл облысы), SinYuanSteel, Ferrum-Vtor және Shymkent Temir ЖШС (Шымкент қаласы), Central Asia Fu Zhou Metal ЖШС (Алматы облысы).

Бұл кәсіпорындардың жобалық жиынтық қуаты — жылына 1,9 млн тонна.
09 қыркүйек 2024 ж. 166 0

Түркияда жер сілкінді

27 қазан 2025 ж. 147

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031