Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» ҰЛТТЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ ҮЙДЕН ДАУЫС БЕРДІ

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» ҰЛТТЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ ҮЙДЕН ДАУЫС БЕРДІ


Еліміздің болашағы үшін маңызды саяси науқанда Бекарыстан би ауылының тұрғыны, «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық байқауының жеңімпазы атанған ардақты ана Бердалиев Аймекен өз азаматтық ұстанымын білдіріп, үйден дауыс берді.
Құрметті кейуананың өтініші негізінде Бекарыстан би ауылындағы №84 референдум учаскесінің мүшелері арнайы барды. Осылайша, ел өміріндегі маңызды шешім қабылданатын сәтте өзінің азаматтық белсенділігін танытып, таңдауын жасады.
Бүгінде 92 жасты еңсерген Бердалиев Аймекен анамыз – тыл ардагері, өмір бойы еңбек етіп, ұрпақ тәрбиесіне үлес қосқан ардақты жан. Оның ел тағдырына бейжай қарамай, жасы ұлғайса да қоғамдық маңызды іске қатысуы – кейінгі буынға үлгі боларлық өнеге.
#Референдум2026
#15наурыз
15 наурыз 2026 ж. 234 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31