Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Социалистік Еңбек Ері Кәрібоз Әлімаев референдумда үйден дауыс берді

Социалистік Еңбек Ері Кәрібоз Әлімаев референдумда үйден дауыс берді

Бүгін – еліміз үшін аса маңызды саяси науқан – республикалық референдум өтіп жатыр. Бұл маңызды шарадан Тасарық ауылдық округіне қарасты Лақалы ауылының тұрғыны, күрішші-механизатор, Социалистік Еңбек Ері Кәрібоз Әлімаев та тыс қалған жоқ.

Құрметті еңбек ардагері денсаулығына байланысты үйден дауыс беруді жөн көріп, №76 референдум учаскесінің мүшелері арнайы жылжымалы жәшікпен барып, оның дауысын қабылдады.

Кәрібоз Әлімаев – ауыл шаруашылығы саласында ұзақ жылдар табанды еңбек етіп, елдің дамуына өлшеусіз үлес қосқан азаматтардың бірі. Ол күріш шаруашылығында механизатор болып еңбек етіп, маңдай терімен жоғары жетістіктерге жетіп, Социалистік Еңбек Ері атағына ие болған.

Ардақты еңбек ері бүгінгі республикалық референдумның ел болашағы үшін маңызы зор екенін атап өтті. Өз сөзінде ол мұндай маңызды науқанды әрбір азамат елеусіз қалдырмай, елдік мүдде жолында белсенділік танытуы керек екенін жеткізді.

«Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің дамуы – бәрімізге ортақ. Сондықтан әр азамат осындай тарихи сәттерде өз таңдауын жасап, ел болашағына бейжай қарамауы тиіс», – деп ақ батасын берді.
15 наурыз 2026 ж. 256 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930