Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » РЕФЕРЕНДУМ – БІРЛІК ПЕН МЕРЕКЕНІҢ КӨРІНІСІ

РЕФЕРЕНДУМ – БІРЛІК ПЕН МЕРЕКЕНІҢ КӨРІНІСІ

Бүгін аудандағы Қызылқұм ауылдық округіне қарасты Кәукей ауылындағы №80 референдум учаскесінде дауыс беру науқаны жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ауыл тұрғындары белсенді қатысуда. Ел болашағына қатысты маңызды таңдау жасалып жатқан бұл күн ауыл тұрғындары үшін ерекше көңіл-күй сыйлады.

Референдум барысында Кәукей ауылдық клубының өнерпаздары арнайы шағын концерттік бағдарлама ұсынып, әсем әндер орындалды. Өнерлі жастар мен ауыл тұрғындарының өнері келген жұртқа көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Сонымен қатар дауыс беруге келген азаматтарға арнап жайылған дастарханнан дәм ұсынылып, тұрғындар бір-бірімен жүздесіп, жылы тілектерін білдірді. Осылайша референдум күні ауылда бірлік пен ынтымақтың, мерекелік көңіл-күйдің жарқын көрінісіне айналды.

#kizilkum
#референдум2026
15 наурыз 2026 ж. 177 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31