Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Референдум: Дауыс беру учаскелерінде ерекше белсенділік пен көтеріңкі көңіл-күй байқалды

Референдум: Дауыс беру учаскелерінде ерекше белсенділік пен көтеріңкі көңіл-күй байқалды

Фото: Дауыс беру учаскесі
Таңғы уақыттан бастап өз таңдауын жасауға келген тұрғындардың арасында алғаш рет дауыс беріп жатқан жастар да бар. Олар үшін бұл күн – азаматтық жауапкершілікті сезінетін, ел болашағына бейжай қарамайтынын білдіретін маңызды сәт. Учаске мүшелері алғаш рет дауыс берушілерге жылы лебіздерін білдіріп, арнайы дайындалған естелік сыйлықтарды табыстады. Жастар да өз кезегінде бұл күннің маңызын сезініп, үлкен жауапкершілікпен таңдау жасайтындарын айтты.
Референдум: Дауыс беру учаскелерінде ерекше белсенділік пен көтеріңкі көңіл-күй байқалды
Сонымен қатар, туған күні дәл осы референдум күнімен тұспа-тұс келген дауыс берушілерге де ерекше құрмет көрсетілді. Дауыс беруге келген азаматтарға ізгі тілектер айтылып, шағын сый-сияпаттар табысталды. Бұл тосын сыйлар олардың мерекелік көңіл-күйін одан әрі көтеріп, маңызды күнді ерекше әсермен есте қалдыруға себеп болды. Учаскеге келген тұрғындар мұндай құрмет пен ықыластың азаматтарға деген ерекше назардың белгісі екенін атап өтті.
Бұдан бөлек, дауыс беруге келген ең жасы үлкен азаматқа да арнайы құрмет көрсетілді. Ақсақалдың өмірлік тәжірибесі мен ел тағдырына бейжай қарамай, референдумға қатысуы жастарға үлгі болды. Учаске мүшелері оған алғыс айтып, естелік сыйлық табыстады. Жалпы, мұндай игі бастамалар референдум күніне ерекше мазмұн беріп, тұрғындардың азаматтық белсенділігін арттыруға ықпал етті. Бұл шаралар халықтың бірлігі мен ел болашағына деген жауапкершілігін тағы бір мәрте айқындай түсті.
 
15 наурыз 2026 ж. 211 0

Перзент парызы

18 тамыз 2026 ж. 64

Сенбілік серпін

18 тамыз 2026 ж. 35

Қос көпірдегі құрылыс

18 тамыз 2026 ж. 47

Бір күн – мың кеңес

17 тамыз 2026 ж. 97

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31