Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сөнбейді ана, сен жаққан өмір шырағы

Сөнбейді ана, сен жаққан өмір шырағы

«Мінезі көркем» деген мақтау бәрімізге жылы естілетін ілтипат. Сол көркем мінезді әлемді уыздай ұйытатын мейірімділік толықтырады. Ал мейірімділікті әлбетте анадан іздейміз. Есейіп кетсек те ана үшін біз мәңгілік сәбиміз. Сол сәбиіне жылу мен мейірімді аямаған, ыстық алақанымен жанды емдеп, өмірімізге мән мен сән берген аналардың мерекесі келді.
Осыған орай бейсенбіде аудандық Роза Бағланова атындағы Мәдениет үйінде көктемнің ең шуақты мерекесі – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Әйел – өмірдің мәңгілік шамшырағы» атты салтанатты кеш өтті. Мейірім мен сұлулық салтанат құрған шарада ауданның дамуына үлес қосып жүрген нәзікжандыларға құрмет көрсетілді.
Мерекелік жиынға қатысқан аудан әкімі Алмасбек Есмаханов барша аналар мен қыз-келіншектерді құттықтап, жүрекжарды тілегін білдірді.
– Шын мәнінде адамзат баласы үшін анадан құдіретті, анадан ардақты, анадан аяулы ешкім жоқ. Әлемдегі ең жоғары мадақ та, құрмет те ару-аналарға арналады. Қасиетті Қазалының топырағында дүниеге келіп, киелі мекеннің атын барша қазақ даласына танытып, ән әлемінің падишасына айналған Роза Бағланова мен қазақтың Ақбаяны атанған жезтаңдай әнші Мәдина Ералиева, Социалистік Еңбек Ері атанған Көлжан Оразалиеваның есімдері мәңгі ел есінде сақталмақ. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дейді халқымыз. Ал тал бесіктің иесі – әйел. Қоғамымыздың келешегі, тәуелсіздігіміздің тағдыры Өздеріңізге байланысты. Тәуелсіз еліміздегі бейбіт тірліктің, мызғымас бірліктің, жарқын болашаққа деген сенімнің, ізгілік пен мейірімділіктің ұйытқысы да өздеріңіз, аяулы арулар! Осынау мерейлі мерекелеріңізбен тағы да құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ-береке, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін, – деді ол.
Аудан басшысы нәзікжандылардың аудан экономикасы мен әлеуметтік саласындағы үлесіне тоқталып, нақты мәліметтерді баяндады. Бүгінде ауданда түрлі саладағы қызметкерлердің саны 15 мыңнан асады. Оның тең жартысын әйелдер құрайды. Өңірдегі істің көзін таба білген кәсіпкерлердің 50 пайызын, білім саласындағы қызметкерлердің 80 пайызын, денсаулық сақтау саласының 85 пайызын аналар мен қыз-келіншектер құрайды екен. 2 мыңнан аса алтын құрсақты аналар болса, оның ішінде 681 «Алтын алқа» және 1182 «Күміс алқа» иегерлері бар.
Мереке аясында көп балалы аналарға мемлекеттік наградалар – «Алтын» және «Күміс» алқалар салтанатты түрде табысталды. Сондай-ақ, түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген қыз-келіншектер облыс және аудан әкімінің «Алғыс хаттарымен» марапатталды. Жиынға қатысқан барлық аруларға аудан әкімінің арнайы сыйлықтары мен гүл шоқтары үлестірілді. Салтанатты шара мерекелік концертке ұласты. Кештің басты сыйы ретінде қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Кеңес Әлімжан жиналған қауымға әсем әннен шашу шашты.
Иә, анаға деген ізет, аруға деген құрмет ерекше сезілген бұл күн аудан тұрғындарының жадында шуақты сәттерімен сақталғаны рас. Мерекеңізбен, аяулы жандар!

Айнұр ӘЛИ

07 наурыз 2026 ж. 30 0

Алтын құрсақты ана

07 наурыз 2026 ж. 28

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031