Топ-баннер
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Наурызда тағы бір мереке пайда болуы мүмкін - Әділет министрі

Наурызда тағы бір мереке пайда болуы мүмкін - Әділет министрі

Фото: depositphotos.com
Мәжілістегі брифингте Әділет министрі Ерлан Сарсембаев наурыз айында Қазақстанда демалыс күндерінің саны артуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.
15 наурызда Қазақстанда республикалық референдум өтеді. Егер азаматтардың басым бөлігі жаңа Конституция жобасын қолдаса, бұл күн 30 тамыздың орнына жаңа мемлекеттік мереке әрі демалыс күні болуы мүмкін.
«Жаңа Конституция жобасында 94-бап дәл осы мәселеге арналған. Екінші тармағында: “Республикалық референдумда Конституция қабылданған күн мемлекеттік мереке болып табылады” деп жазылған. Яғни, егер халық дауыс беріп, жаңа Конституцияны қолдаса, 15 наурыз Конституция күні болып есептеледі. Тиісінше, сіз айтып отырған 30 тамыз өз күшін жояды. 15 наурызда азаматтарымыз қандай шешім қабылдайды, соған байланысты әрекет етеміз», - деді Ерлан Сарсембаев.
Журналистер биыл 30 тамызда Конституция күні тойланбай ма деп нақтылап сұрады.
«Бұл республикалық референдумның қорытындысына байланысты», - деп қысқа қайырды министр.
Бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2026 жылы Қазақстанда бір мерекелік демалыс күні қысқартылуы мүмкін екенін растаған болатын. Бұл 15 наурыздағы референдумда жаңа Конституция қабылданған жағдайда жүзеге асады.
«Егер мемлекеттік мерекенің өзге күні заңнамалық түрде белгіленсе, 30 тамыз Конституция күні тиісті заң күшіне енген күннен бастап мемлекеттік мереке мәртебесінен айырылады», - деп хабарлады министрлік.
Айта кетейік, 2026 жылы  Қазақстанда 119 демалыс күні және 246 жұмыс күні бар. Енді бір демалыс күні қысқаруы мүмкін.
04 наурыз 2026 ж. 76 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031