Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтар тамызда қосымша демалыс алады

Қазақстандықтар тамызда қосымша демалыс алады

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев
2024 жылы тамызда аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтарда 10 демалыс күні және 21 жұмыс күні болады, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Тамыз айында қазақстандықтарды Конституция күніне орай демалыс күтіп тұр. Қазақстан Республикасының Ата Заңы 1995 жылдың 30 тамызы күні бүкілхалықтық референдумда қабылданды. Бұл күн мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні саналады. Қазақстандықтар жыл сайын 30 тамыз күні демалады.

2024 жылдың тамыз айындағы демалыс кестесі:
Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін Конституция күніне берілетін қосымша демалыс 3 күн қатарынан демалуға мүмкіндік береді. Осылайша, қазақстандықтар жұма - 30 тамыз, сенбі - 31 тамыз және жексенбі - 1 қыркүйекте демалады. Тамызда барлығы 10 демалыс күні бар.

Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер де жұма күні, 30 тамызда демалады. Алайда 31 тамыз жұмысқа шығады. содан кейін 1 қыркүйек қайтадан демалады. Осылайша, аптасына 6 күн жұмыс істейтін қазақстандықтар тамыз айында 5 күн демала алады.

Тамыз айындағы мереке күндер
Конституция күнінен басқа, тамыз айында Қазақстан бірқатар басқа да маңызды күндерді атап өтеді:
4 тамыз (тамыздың бірінші жексенбісі) - Көлік қызметкерлері күні;
10 тамыз - Абай күні;
11 тамыз (тамыздың екінші жексенбісі) - Құрылысшылар күні;
18 тамыз - шекарашылар күні;
25 тамыз (тамыздың соңғы жексенбісі) - Шахтер күні;
29 тамыз - Семей ядролық сынақ полигонының жабылу күні.
31 шілде 2024 ж. 413 0

Отбасы – бақыт мекені

15 мамыр 2025 ж. 103

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031