Топ-баннер
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Интернет-алаяқтар белсенділік танытуда - Бас прокуратура

Интернет-алаяқтар белсенділік танытуда - Бас прокуратура

ҚР Бас прокуратурасы Қазақстанда алаяқтардың белсенділігі артып келе жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қылмыстық қауіп-қатерлердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы азаматтарды жалған инвестициялық платформаларда, deepfake технологияларын, сондай-ақ бұрын жоғалған инвестицияларды қайтару бойынша жалған қызметтерді пайдалана отырып, азаматтарды қаржылық алаяқтыққа тарту бойынша интернет-алаяқтардың күшейе түсуі туралы ескертеді.
"Егер бұрын шабуылдаушылар "Қазатомөнеркәсіптің" фишингтік сайттарын пайдаланса, бүгінгі таңда киберқылмысшылар екінші деңгейлі банктердің, ірі құрылыс фирмаларының жалған инвестициялық платформаларын жасап, deepfake технологиясының көмегімен танымал тұлғалардың суретін, бейнесін немесе дауысын пайдаланып, азаматтардың ақшасын иелену үшін алаяқтық платформаларды ілгерілетуде. Сонымен бірге, әлеуметтік желілерде адал емес брокерлерден зардап шеккендерге ақша қаражатын қайтару бойынша қызметтер белсенді түрде жарнамалануда. Алайда, бұл - инвестиция салу нәтижесінде қаражатынан айырылған азаматтарға бағытталған қайталама алаяқтық схема", делінген хабарламада.
Ақша қаражатын сақтау үшін мыналар ұсынылады:
күмәнді сілтемелер бойынша өтпеу;
  • дербес және банктік деректерді үшінші тұлғаларға бермеу;
  • әлеуметтік желілер, мессенджерлер және жарнамалар арқылы таратылатын инвестициялық ұсыныстар туралы ақпаратты, әсіресе жоғары әрі кепілдендірілген табыс уәде етілген жағдайларда мұқият тексеру;
  • алаяқтық белгілері анықталған жағдайда құқық қорғау органдарына дереу хабарласу және банкті хабардар ету ұсынылады.
 "Алаяқтар сеніммен ойнайды. Өзіңізді алдауға жол бермеңіз", деп ескертеді құзырлы орган.
Бұған дейін полиция азаматтарды кибералаяқтардан сақ болуға шақырған болатын.
28 ақпан 2026 ж. 42 0

Еңбегі елдің есінде

28 ақпан 2026 ж. 59

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728