Топ-баннер
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Конституциялық реформа контекстіндегі «Заң мен тәртіп» қағидаты

Конституциялық реформа контекстіндегі «Заң мен тәртіп» қағидаты

Сурет: ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі
2026 жылғы 27 ақпанда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.
Талқылауға Президент Әкімшілігінің, Парламенттің, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтының, ғылыми қоғамдастықтың, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Конституциялық реформа контекстіндегі «Заң мен тәртіп» қағидаты
Конституциялық реформа Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін нығайтуға, заңның үстемдігін қамтамасыз етуге және әділ Қазақстанның орнықты моделін қалыптастыруға бағытталған бастамаларының дәйекті жалғасы ретінде қарастырылды. Қатысушылар ұсынылып отырған өзгерістер мемлекеттің саяси, құқықтық және әлеуметтік-экономикалық дамуының ұзақ мерзімді бағдарларын белгілейтінін атап өтті.
Конституциялық реформа контекстіндегі «Заң мен тәртіп» қағидаты
Бас Прокурор Берік Асылов қатысушыларға арнаған сөзінде Негізгі Заңның Преамбуласында «Заң мен тәртіп» қағидатын бекіту оған іргелі конституциялық құндылық мәртебесін беретінін атап өтті. Ол қоғамдық құқықтық сананы нығайтуға және заң бұзушылыққа мүлдем төзбеушілікке баса назар аударылып отырғанын айтты.
Тұтастай алғанда, ұсынылып отырған түзетулер прогрессивті сипатқа ие және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін одан әрі күшейтуге, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға, құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған.
Конституциялық реформа контекстіндегі «Заң мен тәртіп» қағидаты
Қазіргі уақытта Конституция жобасы кеңінен талқыланып, алдағы өзгерістер мен жаңғыртулар туралы қоғамға жан-жақты ақпарат беріліп жатыр.
Ұсынылған түзетулер бойынша ашық диалогтың маңыздылығын айтқан Бас Прокурор жүйелі түсіндіру жұмыстарын жалғастыру және жоба бойынша пікір алмасуға кәсіби және азаматтық қоғамды кеңінен тарту қажеттігін атап өтті. Бұл тәсіл реформалардың мәнін дұрыс көрсетпейтін түсіндірулер мен қорытындыларды болдырмауға көмектеседі, әрі жаңашылдықтар мазмұнын объективті түсінуді қамтамасыз етеді.
Дөңгелек үстелге қатысушылар жаңа Конституция жобасының практикалық аспектілеріне ден қойды. Келесі салаларға ерекше назар аударылды:
Заң алдындағы теңдік – құқықтық қорғау тетіктерін жетілдіру және заңнаманың біркелкі қолданылуын қамтамасыз ету;
Азаматтардың құқықтарын қорғаудың басымдығы – құқық бұзушылықтың алдын алуға және халықтың заңды мүдделерін қорғауға баса назар аудара отырып, құқық қорғау органдары үшін сервистік үлгіні әзірлеу;
Құқықтық саладағы цифрлық шешімдер – жеке деректерді қорғаудың конституциялық кепілдіктерін күшейте отырып, үлкен деректер мен жасанды интеллект элементтерін талдауды енгізу;
Құқықтық мәдениетті дамыту – тұрақты құқықтық тәртіптің негізі ретінде құқықтық білім беру сапасын арттыру және құқықтық сананы нығайту.
Өткізілген дөңгелек үстел мазмұнды пікір алмасу алаңына айналды және ғылыми-сараптамалық қоғамдастықтың заңдылық, әділдік және адам құқықтарын құрметтеу қағидаттарына негізделген Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы конституциялық моделін қалыптастыруға үлес қосуға дайындығын растады.
 
27 ақпан 2026 ж. 41 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728