Болса екен басшылардың бәрі осындай...
Әр елдің айнымас асыл адамгершілік қасиеттерімен жан-жағына сәуле шашып, жылылық ұялатып тұратын, еліне ие, халқына қамқор, жөн сілтеп, жол көрсететін, жан жылулығын бөлісіп кемтар жанды көріп қалса, қол ұшын беріп тілекші, ақылды да асыл болып өмір сүретін азаматтары болады. Міне осындай туған жеріне жанашыр болып жүргендердің бірі де бірегейі Әбжәлел Айбосынов деп білеміз.
Әбжәлел Айбосынов саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиелеуге арнаған. Кімнің болса да өз өмірінде замандастарының, тағдырластарының, әріптестерінің ішінде тектілігіне, адамгершілігі мен қайырымды қасиетіне тәнті ететін, азаматтығының табалдырығына табындыратын, өзін де өмірін де өнеге тұтатын, жанындай жақсы көретін жандар болады. Ал мен үшін осындай жандардың қатарынан орын алатын еңбегімен елге еленген, сыйластыққа бөленген құрмет пен абыройға қолы жеткен ардақты жандардың бірі, кішілерге абзал аға, үлкендерге ізетті іні бола білген Әбжәлел Айбосынов туралы сөз қозғасақ, ол 1925 жылы Қазалы ауданында дүниеге келген. Ата-тегі Төртқара руының конспегі. Он жылдық мектепті бітірген соң жұмыс істеп жүріп аудандық комсомол комитетінде бюро мүшесі болады.
«Ер басына күн туып, етігімен қан кешкен, ат басына күн туып, ауыздығымен су ішкен» ауыр заманда Қазалы ауданынан 10754 жерлесіміз майданға өз бетінше аттанып, бейбіт өмір орнауы үшін ажалмен бетпе-бет айқасқа түсті. Солардың ішінде жас жігіт жерлесіміз Айбосынов Әбжәлелде Забайкальеде жапон соғысында радист болған.
«Еркек үйдің – егесі, әйел – үйдің шегесі» деген тәмсіл бар. Әбекең жар таңдап, отбасын құруда да жаңсақ баспаған адам. Кәрима атты қызға үйленіп, ұлды-қызды тәрбиелеп, әрқайсысын бір рулы ел қылып, тұқымын көбейткен болатын. Әбекеңнің өсіп-өнуіне, ел басқаруына толық мүмкіндік жасаған сүйікті жары болатын. Дүниеге 4 ұл, 2 қыз әкеліп ұрпағын көбейтті. Әбекең мектепте мұғалім, директордың орынбасары, директор, аудандық білім бөлімінің басшысы болып 22 жыл басқарды. Қай кезеңде де адамның, қоғамның абыройын асқақтатып жүрген ер еңбегі бүгін мен келешек үшін өнеге. Еңбек өрге, бедел төрге шығарады деген осы.
Әбжәлел аға елге құрметті болумен 65 жасқа келгенде өмірден озды. Елге сыйлы, абыройы асқан, таза еңбектің арқасында байлығы тасқан, адамгершілігі зор, сабырлы, салмақты білікті соғыс және еңбек ардагері Әбекең биыл тірі болғанда 100 жасқа толған болар еді. Ата-баба көзінің қарашығындай сақтап, аманаттаған туған жердің жақсысы және жанашыры болу әрбіріміздің міндетіміз. Өзгелерге көбірек жақсылық жасаған жан адамның нағыз төресі. Өмірдің мәні әркімнің өзін-өзі таба білуінде. Адамды істерімен емес, ізгілікке ұмтылған ниетіне де қарай бағалай білу керек. Көзінің тірісінде-ақ айтқан сөздері аңызға айналып кететін айрықша бір әруақ қонған арқалы адамдар болады. Мұндай деңгейге өздерінің жоғары адамгершілік қасиеттерімен, көркем мінезімен орталарына әрдайым ерекше сыйлы бола білеулері арқылы жетеді. Сондықтан да осындай кісілерді нағыз адам ретінде құрмет көрсетіп, елден ерек бағалап жатады. Көптің көңілінен шыққан әділ сөзімен айналасына сабырлылықпен аз сөйлеп, көп тыңдайтын, өзінен гөрі өзгені ойлайтын Әбжәлел Айбосынов осындай азамат еді.
Өмір сүру көпірден өту емес. Бұл өмірде кеудесіне шырақ жанғандай ізгі ниетпен шұғыла сеуіп жүретін донор адамдар болады. Адамды жауапты да, сауатты да етіп тәрбиелейтін өскен ортасы, жүріс-тұрысымен мәдениеті, қайрымды тату-тәтті болып қалыптасуы бірге жүрген достарына байланысты. Сөз қолданысы кісінің табиғи дарыны. Адамның істеген ісіне, тындырған шаруаңа қарай жұрттың сені кезі келгенде танып алады, сынына салады. Шаруасына жарасаң басына көтеріп ардақтайды. Сол қасиетті халық назарынан абыройлы өткенге не жетсін?!
Сөздің қасиеті оңай нәрсе емес. Кітап сөзін ұстай алсаң ойыңды шар тарапқа жаяды. Сөз саптауда ұлтымызға керекті тұсын жіпке тізгендей ұқыптылықпен пайдалану, бүгінгі ұрпақтың кәдесіне жарату, көзге көрінбейтін мықтылыққа саяды. Жастарға қайрат беріп, жігер тудырып отырады.
Бүгінгі және келер ұрпақ үшін өз үлесін артында айтар сөзі қалу үшінде, өмірден көргенің де, көңілге түйгенің де, жақсылармен жанасып жүргенің де, халық үшін маңдайыңды сылып тер төккенің де керек болар деген аталық сөзді жастайынан ұққан, осы қағиданы кейіпкер өмір жолына үлгі етіп тұтқан.
«Сыйластық бар жерде қимастық бар» бұған анықтама қажет емес. Әркімге қойылар талап – сыйласа білуді үйрену. Тіршілікті өкінішсіз өткізудің жолы да осы. Күн үшін, пұл үшін еңбектену үстінде қолдасар дос табу – азаматқа сын, әрі бақыт. Сол жолды тапқан да, тұтқан да Әбжәлел Айбосынов болатын. Ол кезінде үлкен мен кішінің де сөзін тыңдап, ақыл-кеңесін айтып өткен жаны жайсаң. Кісіге қайырымы мол, адамгершілігі зор, мейірімді әділ де адал, білікті басшы еді. Жақсылықты жалпыға жасау арқылы, жолын ашқан абыройға кенеліп, асудан да асқан, өте мәдениетті адам болатын.
«Ұлы адамдар өз ескерткіштерінің тұғырын өзі орнатады. Мүсінін болашақ соғады» деген бар. Жас буынның санасына осындай ұлы ұлағаттылықттың мәйегін сіңіру, бітім болмысын, ақыл-ойы, ел алдындағы асқақ абыройы, жарасымды жүріс-тұрысы, сыпайы мінез-құлқы, адал ісі, ғибратты да салмақты сөзі, кішіге қамқорлығы, үлкенге ізет арқылы олардың бойына тілмен де, нақты іспен де насихаттап дарыту, үлкендеріміздің аттап кете алмайтын абзал борышы деп санаймын. Осындай азаматтың елге пана, ал істеп жүрген қайырымды істері жұртқа сана, біздердің насихатымыз жастарға өсиет-өнеге болсын деген мақсатпен жазылып отырған мақала. Әрбір азамат өз еліне, туған жеріне, халқы мен ұрпағына осындай жұмыстар жасап жатса, біздің бірлігіміз нығайып, сүйіспеншілігіміз артып, қазақ елі мәңгі жасайтын жаңа, әділ Қазақстан құрылымы болады. Әлбетте бұл азамат жайлы айтылар сөз аз емес, соның ең бастысы, бұл азамат-пендешіліктен биік тұрған ірі тұлға, жүрегі таза, халыққа дегенде қолы ашық, өзі мырза болып келеді.
Бүгінгі күніңде тау қопарып, ерлік жсамасаңда, адалдығыңмен ізіңді қалдыр. Шыншыл, сабырлы, ең бастысы-иманды болыңыздар. Қанша жыл бір ауданда Әбекеңмен білім беру саласында қатар көп жыл қызметтес ағалы-інілі болып жүргенімде Әбжәлел ағамызбен Кәрима апамыздың ешкімге де болмасын демейтін, кісінің ақысын жемейтін, біреу жайлы әңгіме термейтін, үлкендерге сәлемі түзу, ағайынға адал, Отан қорғау жорығында За Байкалестер деген Құрметті атақ алған бірге болған жолдастарымен жақсы қарым-қатынаста жүрген жеріне үлгі, ерекше жаратылған, ішкі мәдениетіне, жан-дүниесінің тазалығына тәнті болып, таң қалатынбыз.
Әбекеңнің елге төккен тері елеусіз қалған жоқ. Өмірінің бәрін 22 жыл бойы білім саласын басқаруға арнап ұстаздардың ұстазы болған. Мемлекет Әбекеңді Ұлы Отан соғысының ардагері, Еңбек Қызыл Ту ордені мен, бірнеше медальдардың иегері, Қазақ ССР-не еңбегі сіңген мұғалім, халық ағарту ісінің озаты, республикалық дәрежедегі дербес зейнеткер. Жақсының сүйегі жерде қалғанмен, аты мәңгілік елде қалады. Әбекең өмірден кетсе де, мұндай кемеңгер адамды өлді деуге болмайды, артында қалған көзімен, еңбегін бағалайтын халқы бар.
«Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді» деп Қорқыт ата айтып кеткендей, тегін білу дегеніміз – ру, тайпа, жүз болып бөліну, араға іріткі салып жарылу емес, ұлт болып бірігу, ұлт қамын бірлесіп жасау, күллі қазақ болып намысты қорғау болып табылады. Әкенің өсиетін ұғынып, ананың қасиетін түсініп өскен бала қор болмайды. Қуана білмегенге құт қонбайды, бағалай білмегенге бақ қонбайды дегендей.
Бүгінде олардан өрген немере мен шөбере атасы мен әжесінің жолын жалғаған өрендер. Олар түрлі мамандық игеріп, халқына адал қызмет етуде. Астанадағы кәсіпкер қызы Дина басшы қалған балалары қоштап Әйтеке би кентіндегі өздері өсіп-өнген қара шаңырақты бұзып,айналасындағы үйлерді сатып алып жерін тегістеп әкесі Әбжәлел Айбосыновқа арнап арнайы мұражай салып ашты. Адам баласы табиғи құбылыстың әсеріне тәуелді болғандықтан оның тұлғалық ерекшеліктерінің қалыптасуына ең алдымен ата-тегінен дарыған қасиеттері, ата-анасының аялауымен өскен ортасының ықпалы және өзінің ой-өрісінің көкжиегі, болашағына деген сенімді көзқарасы мен білімге құштарлығы ұмтылыс жігері мен іскерлік қабілеті мейлінше әсер етеді.
Аталған жұғымды қасиеттердің бәрі бірдей адамда ұштасуы мүлде мүмкін емес, олардың ішіндегі ең пайдалысын ұтымды түрде іске асыра білсе, өмірдің қолайсыз ызғарын бәсеңдетіп, мақсатқа жеткізуге жол ашады. Адам баласының табиғат аясында сүрген өмірінің берекелі баяндылығы оның ұзақтылығына жарасымды болғанымен қалдырған қолтаңбаларымен, өмірде қалдырған іздері тұлғаның қасиеттерін көз алдымызға елестетіп, ұмытпай еске салуды ескртеді.
Әр адам өз алдына бір дүние. Өзі дүниеден өтсе де кезінде айтқан сөздерімен тыңғылықты атқарған істерімен байсалды, мінезімен, биік тұлғалы адамгершілігімен ел жадында сақталып қалады. Сондай азаматтарының бірі Әбжәлел Айбосынов болатын.
Жақсы журналист мәні қалмаған өмірді қайта жандандырады. Әділдікті ашып айтып, кемшілікті орныменен сынап түзеуге жол ашады. Елге еңбегі сіңген ерлерді, елдің есіне салып, өскелең ұрпаққа үлгі етіп, өнеге тұтуға жол ашып, тарихтан орын алуға мүмкіндік тудырады. Әбжәлел Айбосыновтың 100 жылдығына арнап кітап жазылды. Бұл азаматтың атында үлкен көше мен мұражай бар. Ардагерлер аллеясындағы Елге еңбегі сіңгендер тақтасына мәрмәр тасқа суреті қашалып салынып ілінген. Әбекең кәсібіне мықты, істеген ісі нақты, бір сөзді қызметіне берілген қарамағындағы қызметкерлеріне адал, олардың еңбегін бағалау мен қадірін білетін әділ басшы болатын. Өзі талапкер сонымен бірге мейірімді, сыпайы өте тазайын, әдепті, мәдениеті, сабырлы да салмақты адамның сөзін бұзбай аяғына дейін тыңдайтын бір сөзді басшы болатын. Білім саласын жетілдіру мен жасаған озық тәжірибелері және білімге ендірген жаңалықтары қолтаңба болып қалған ағамыздың артында керемет естеліктер қалғаны жасырын емес. Ол кісі бойындағы барын ауданның өркендеуіне, жастардың білім мен сусындап өсіп жетілуіне, ұстаздардың сауаты мен білімінің көтерілуіне арнап, әділеттіліктің, кемеңгерліктің, біліктіліктің, әдептіліктің, сауаттылық пен адалдықтың ұяңдықтың үлгісін көрсете білген жан. Тарихты тұлғалар жасайды. Бұл кісінің де өзіндік білім саласын басқару тәсілі, тәжірибесі, кең жүректілігі, мәдениеттілігі, әдептілігі, тазайындылығы жөнінде де аты аңызға айналған. Бірге қызметтес болған әріптестерінің аузынан тек қана жақсы лебіз, жақсы пікірлерді есітумен келеміз. Ол кісінің ерекшелігі алдына келген кісінің, сөзінің аяғына дейін тыңдап, шешімін сол жерде бірден айтатын әділдігі, ешкімді бөле жармайтын қайырымдылығы табиғат сыйға берген кеңпейілділігінің бір көрінісі іспеттес. Аласармас абыройдың иесі. Дана халқымыз«Асыл туған адамның баға жетпес нарқы бар» дегендей Халық – қазы, еңбек таразы ҚР және облыстық білім саласын басқарып отырған басшылардың құлағына осындай азаматтардың еңбегі еленсе екен.
«Өзі жақсы адамға бір кісілік орын бар» дейді. Әбжәлел Айбосынов ҚР-сы білім саласының тарихының негізін қалаушыларының бірі деуге әбден лайық. Сондықтан тарихи тізім мектебіне енгізетін нағыз қайраткер азамат деп білеміз.
Оразғали БЕКБАНОВ,
Қазалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы
ҚР білім саласының құрметті қызметкері,
ҚР Журналистер одағының мүшесі,
Еңбек Қызылту, Құрмет ордендерінің иегері,
Қазалы ауданының құрметті азаматы













