Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көпбалалы анаға көмек

Көпбалалы анаға көмек

“Адамның күні адаммен” деген даналық сөз бар. Бұл өмірге келген әрбір пенденің бір-біріне дос, бауыр, жанашыр бола жүруін меңзейді. Сонымен бірге тарыққанда қол ұшын беріп, қолғабыс көрсетуге шақырады.
Осындай өнегені ұлық тұтып, жүрегіне ізгілік пен адамгершілік қасиетті ұялатып, жанындағылардан қамқорлығын аямайтын азаматтар ортамызда аз емес. Сондай жарқын жүзді жандар қатарынан Ж.Жабаев атындағы №234 мектептің бастауыш сынып мұғалімдері де көрініп, үлгілі істің ұйытқысы атанды.
Мектеп табалдырығын алғаш аттаған балғын шәкірттерге қалам ұстауды үйретіп, білім жолына жетелеген ұстаздар жақында “Алтын алқа” медалінің иегері, көпбалалы Перизат Өтжанның отбасында болды. Он бір ұл-қыз өсіріп отырған алтын құрсақты жанға «теңізге тамған тамшыдай» болса да азық-түлік әкелді. Ардақты ана демеушілік көрсеткен ұстаздарға “Еңбектерің жансын, өмір жастарың ұзақ болсын!” деген алғысын жеткізді.
Гүлнұр ДӘКІБАЙ
09 ақпан 2019 ж. 1 446 0

Аудан тұрғындарының назарына

11 желтоқсан 2025 ж. 211

Шәкен ауылына су келді

11 желтоқсан 2025 ж. 145

Маңызды ақпарат

11 желтоқсан 2025 ж. 132

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031