Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қос мереке қуаныш сыйлады

Қос мереке қуаныш сыйлады

6 шілде – Астана күні және шілде айының бірінші жексенбісіне сәйкес келетін Ұлттық домбыра күніне орай ашық аспан аясында «Ел жүрегі- Астана, дала үні - Домбыра» атты мерекелік концерт өтті.
Әйтеке би кентіндегі Орталық алаңда өткен мерекелік шараны аудан әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаев сөз сөйлеп, жиналған жұртшылыққа аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбеттің мерекелік құттықтауын жеткізді. Сондай-ақ елдігімізді айқындап, өткенімізді дәріптей түсетін қос бірдей мерекенің маңызына тоқталып, «Халқымыздың қасиетті ұлттық аспабы – домбыра төрімізден түспесін, Арқа төсіндегі ару Астанамыз жарқырап, жайнай берсін» деген тілегін білдірді.
Кеш шымылдығы «Домбыра – қазағымның киесі, Астана – Отанымыздың жүрегі» атты қойылыммен түрілді. Одан соң аудан өнерпаздары көптің назарына концерттік бағдарламасын ұсынды.
Сондай-ақ кеш барысында жыл сайын ауданымызда дәстүрлі түрде өтетін «Туған өңір – тұнған өнер» атты көркемөнерпаздар мен шығармашылық ұжымдарының аймақтық өнер фестивалінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері де аудан әкімінің «Алғыс хаттарымен» марапатталды.
Осылайша, қос мерекеде әннен нәр, күйден қуат алған қазалылық ағайын қуанышқа кенеліп, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.
Арайлым ҚУАНТҚАНҚЫЗЫ
09 шілде 2025 ж. 156 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031