Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Рамазанда ет бағасын көтерген саудагерлер қамауға алынды

Рамазанда ет бағасын көтерген саудагерлер қамауға алынды

Фото: NEGE/ЖИ көмегімен жасалды
Тәжікстанда Рамазан айында ет бағасын көтерген 4 кәсіпкер әкімшілік жазаға тартылды. Душанбе қаласында ораза кезінде азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында тексеру шаралары жүргізілді.
Шохмансур ауданында екі дерек анықталып, ет бағасын себепсіз көтерген кәсіпкерлер ұсталды. Олар бұған дейін белгіленген бағаны сақтау жөнінде ресми ескерту алған. Соған қарамастан, пайда табуды көздеп, ет өнімдерін қымбатқа сатқан. 
Аудандық сот шешімімен саудагерлер бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Осындай тағы екі жағдай Душанбе қаласының Сино ауданында тіркелді. Азық-түлік дүкендерінің бірінде еттің негізсіз жоғары бағамен сатылғаны анықталды. Кәсіпкерлер тұтынушылар сұранысын пайдаланып, бағаны әдейі көтерген.
Бұл дерек бойынша да әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар рәсімделіп, Сино аудандық сотының қаулысымен әрқайсысына төрт тәулік әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.
23 ақпан 2026 ж. 129 0

Азаттықтың ақтаңгері

14 сәуір 2026 ж. 149

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930