Топ-баннер
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жауапты қызмет, маңызды міндет

Жауапты қызмет, маңызды міндет

Орталық зарарсыздандыру бөлімшесінің басты міндеті емдік алдын-алу мекемелерін зарарсыз медициналық заттармен қамтамасыз ету, сондай-ақ зарарсыздандырып өңдеудің барлық кезеңдерінде қолданылатын әдістерді үнемі шыңдау және оны барлық кезеңдерде бақылау.
Орталықтандырылған зарарсыздандыру бөлімі – медициналық ұйымдағы эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін маңызды құрылымдық бөлімше. Бөлім негізгі ғимараттың екінші қабатында орналасқан және санитариялық-эпидемияға қарсы режим талаптарына сәйкес ұйымдастырылған.
Бөлім стерильді емес және стерильді блок деп екі функционалдық аймаққа бөлінеді. Стерильді емес блокта медициналық мақсаттағы бұйымдарды қабылдап, зарарсыздандыру алдындағы тазалау (жуу, шаю, кептіру), құралдарды тексеру, сұрыптау мен орау және стерилизацияға дайындау жұмыстары жүргізіледі.
Стерильді блокта стерильденген материалдарды қабылдап, сақтау (температуралық және ылғалдылық режимін сақтай отырып), бөлімшелерге беру мен стерильділіктің мерзімін бақылау жұмыстары жүзеге асырылады.
Бөлімшенің штат құрамы бойынша I санатты 2 медбике – Бақыткүл Омарбекова Назерке Ойнар мен тазалықшы – Гүлбағила Өтепова жұмыс істейді. Мамандар өз қызметін санитариялық ережелер мен нормативтік құжаттарға сәйкес атқарады.
Жалпы зарарсыздандыру ұғымы бойынша патогендік және шартты-патогендік микроағзалардың вегетативті және споралы түрлерін толық жою процесі жасалады. Бұл медициналық көмек көрсету кезінде инфекцияның таралуын болдырмаудың негізгі әдісі болып табылады.
Зарарсыздандыруға жататын бұйымдарға бірнеше рет қолданылатын медициналық құралдар, қанмен, шырышты қабықпен, жара бетімен жанасатын аспаптар жатады. Сондай-ақ операциялық және таңғыш материалдар мен медициналық киімдер, резеңке және полимерлі бұйымдар енеді.
Бу арқылы зарарсыздандыруда (автоклавтау) арнайы бу стерилизаторларында (автоклавтарда) артық қысымдағы қаныққан су буымен жүргізіледі. Температурасы 120-132°С аралығында болады. Бу стерилизациясының режимдері бойынша 1 режимде қысым – 2 атмосфера, температура – 132°С уақыты – 20 минут аралығында. Қолданылуы коррозияға төзімді металл, шыны, тоқыма материалдардан жасалған бұйымдар үшін.
2 режимде қысым – 1,1 атмосфера, температура – 120°С болса, уақыты – 45 минутты құрайды. Резеңке, латекс және кейбір полимерлі материал (тығыздығы жоғары полиэтилен, поливинилхлорид) үшін қолданылады. Бу стерилизациясы ең тиімді және кеңінен қолданылатын әдіс.
Ауа (құрғақ) стерилизация әдісі ыстық құрғақ ауамен жұмыс істейтін арнайы құрғақ шкафта жүргізіледі. Шыны бұйымдар мен коррозияға төзімді металл және силикон резеңке бұйымдарына қолданылады. Құрғақ шкаф режимдері 180°С – 60 минут және 160°С – 150 минутқа қойылады. Бұл әдіс ылғалға төзімсіз материалдар үшін тиімді.
Стерилизация сапасы арнайы стерильділік индикаторлары арқылы бақыланады. Олар белгілі температура мен уақыт режимі сақталған жағдайда түсін өзгертеді. Бақылау түрлеріне физикалық (температура, қысым, уақыт көрсеткіштері) мен химиялық индикаторлар және биологиялық бақылау (споралы тест-мәдениеттер) кіреді.
Сонымен қатар плазмалық стерилизатор да бар. Ол заманауи, төмен температуралы әдіспен ыстыққа төзімсіз (термолабильді) материалдардан жасалған медициналық аспаптарды өңдеу үшін қолданылады. Аталған үдеріс сутегі асқын тотығының буы мен плазманың (иондалған газ) біріккен әсеріне негізделген. Сондықтан сапалы жүргізілген стерилизация ауруханаішілік инфекциялардың алдын алудың басты кепілі.
Нақтылағанда, орталықтандырылған зарарсыздандыру бөлімі медициналық ұйымның қауіпсіздік қалқаны. Бөлім мамандарының кәсіби біліктілігі, санитариялық талаптарды қатаң сақтау және заманауи стерилизация әдістерін қолдану пациенттердің өмірі мен денсаулығын қорғаудағы маңызды фактор болып табылады.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
21 ақпан 2026 ж. 21 0

Алпамыс баба ғибраты

21 ақпан 2026 ж. 22

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728