ПТР-тест улы ма?
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде ПТР-тест тапсырғандар қауіпті химиялық заттан уланатындығы туралы хабарлама тарады. Кейбіреулердің пікірінше, мақта зондтарын зарарсыздандыру үшін қолданылатын этилен оксид денсаулыққа зиян болуы мүмкін. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті медициналық жабдықты зарарсыздандыру кезінде қолданылатын этилен оксидінің бөлшектері биоматериал алуға арналған зондтарда қалуы және денені улауы мүмкін деген қауесетті жоққа шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
«Этилен оксидімен стерильдеу осы үшін арнайы жасалған жабдықты пайдалана отырып жүргізіледі. Стерильденетін заттарды қоспа буымен өңдеу үшін герметикалық жабылатын контейнерлердің немесе бокстардың ішіне салады. Газбен өңдеуден кейін газ қоспасының қалдықтарын «жою» үшін аэрация (газсыздандыру) процесі басталады. Бұл ретте адам денесіне 30 минуттан аспайтын уақыт (шприцтер, пластик немесе ағаш қалақшалар, тампондар) тиетін медициналық бұйымдар үшін аэрация уақыты 12 сағатты құрайды. Егер медициналық өнім адам денесіне 30 минуттан артық уақыт тиетін болса – 24 сағат. Имплантацияланатын бұйымдар (кардиостимуляторлар) кемінде 72 сағат аэрациялануға тиіс», – деп түсіндірді ведомстводан. Осылайша, медициналық өнімдерде этилен оксидінің іздері қалмайды, яғни мұндай өнімдерді пайдаланудан уланбайды.