Топ-баннер
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әйтеке би кентінде игі әрі үлгілі бастама жүзеге асуда

Әйтеке би кентінде игі әрі үлгілі бастама жүзеге асуда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Қазалы ауданында тазалық шаралары үздіксіз жүргізіліп келеді.
Бүгін аудан орталығы - Әйтеке би кентіндегі Шамау Ибрашеев, Жақас Шеріпов және Ағайынды Талқанбаевтар көшелеріне көше атауы берілген азаматтардың ұрпақтары жергілікті әкімдіктің ұсынысына сәйкес, аталарының есімін иеленген көшелерге қоқыс жәшіктерін орнатып беріп, игі бастаманы қолға алуда.
Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов аталған көшелердің тұрғындарымен кездесіп, әкімдік тарапынан айтылған ұсынысқа қолдау көрсетіп, игі іске ұйытқы болған азаматтардың еңбегін көше тұрғындарына жеткізді. Тұрғындарды Президент бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысып, кенттің көркеюі мен санитарлық жағдайын жақсартуға, тұрмыстық қалдықтарды жинау жүйесін реттеу және тазалық мәдениетін қалыптастыруға бірлесе атсалысуға шақырды. Өз кезегінде көше тұрғындарыда осындай игі істі ұйымдастырып жатқан азаматтарға шынайы ризашылықтарын жеткізді.
Кездесу барысында көше тұрғындары тарапынан көшелерге асфальт және тас төсеу, балалар ойын алаңдарын салу, жарықшам орнату мәселелері көтерілді. Аудан әкімі айтылған әрбір ұсыныстар кезең-кезеңімен қаралып, тиісті жоспарға енгізілетінін жеткізді. Ал, Шамау Ибрашеев көшесін жарықтандыру мен көше тұйығына тас төсеу жұмыстары биылғы жылға тиісті қаржының мүмкіндігіне сәйкес қолға алынатындығын жеткізді.
Айта кетейік, әкімдік пен көше атауын алған азаматтардың ұрпақтары тарапынан алдағы уақытта бұл бастамалар басқа да көшелерде жалғасын таппақ.
19 ақпан 2026 ж. 32 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728