19 ақпанда ел аумағында дауылды ауа райы күтіледі
Фото: José Antunes / Pexels Бірнеше облыста қауіпті метеожағдай тіркелмек. 19 ақпанға арналған дауылды ескертулер негізінде Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы күрт нашарлайды.
Мәліметтерге сәйкес, ең қауіпті метеожағдайлар мына өңірлерде күтіледі. Түркістан облысы Түнде және күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, қалың тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15–20 м/с, тау асуларында екпіні 23–28 м/с-ке, кей жерде 30 м/с-ке дейін жетуі мүмкін.
Жетісу облысы Түнгі және таңғы уақытта тұман түседі. Күндіз оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні облыстың солтүстігі мен шығысында 15–20 м/с болады. Ұлытау облысы Жаңбыр мен қар, кей уақытта қатты жауын-шашын, жаяу бұрқасын, тұман және көктайғақ күтіледі. Жел бағыты оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа ауысып, екпіні 15–20 м/с-ке жетеді.
Қарағанды облысы Түнде жаңбырдың соңы қарға ұласуы ықтимал. Күндіз қар мен бұрқасын күтіледі. Солтүстік пен шығыста қатты қар жауып, жолдарда тұман мен көктайғақ болады. Желдің екпіні – 15–20 м/с.
Маңғыстау облысы Түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз жел күшейіп, солтүстік пен орталық бөлігінде екпіні 15–20 м/с, кей уақытта 25 м/с-ке дейін жетеді.
Атырау облысы Тұман, көктайғақ күтіледі. Жел бағыты өзгеріп, екпіні 15–20 м/с болады.
Шығыс Қазақстан облысы Жаңбыр мен қар, бұрқасын, көктайғақ, кей аумақтарда қатты жауын-шашын болжанады. Жел 15–20 м/с-ке дейін күшейеді.
Ақтөбе облысы Күндіз жаңбыр мен қар, көктайғақ және жаяу бұрқасын күтіледі. Мұғалжар ауданында жел екпіні 23–28 м/с-ке дейін күшеюі мүмкін.
Павлодар облысы Түнде жаңбырдың соңы қарға ауысады, бұрқасын мен көктайғақ күтіледі. Күндіз қар күшейіп, оңтүстігінде қатты қар жаууы ықтимал. Жел – 15–20 м/с. Солтүстік Қазақстан облысы Түнде желдің екпіні 15–20 м/с-ке дейін жетеді.
Абай облысы Жаңбыр мен қар, бұрқасын, көктайғақ, кей аумақтарда қатты жауын-шашын күтіледі. Жел екпіні 20–23 м/с-ке дейін барады. Қостанай облысы Түнде және таңертең жаңбыр мен қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ және тұман күтіледі. Желдің екпіні 15–20 м/с.
Батыс Қазақстан облысы Күндіз жаңбыр мен қар, тұман, көктайғақ және жаяу бұрқасын болжанады. Жел 15–20 м/с-ке дейін күшейеді. Алматы облысы Күндіз жел бағыты ауысып, екпіні 15–20 м/с болады.
Жамбыл облысы Тұман түсіп, желдің екпіні 23–28 м/с-ке дейін күшеюі мүмкін.
Астана Қала жолдарында көктайғақ күтіледі. Ақмола облысы Қар, жаяу бұрқасын, тұман және көктайғақ болжанады. Желдің екпіні 15–18 м/с.
Қызылорда облысы Түнде және таңертең көктайғақ пен тұман күтіледі. Желдің екпіні 15–20 м/с. 19 ақпанда елдің басым бөлігінде қар мен жаңбыр, бұрқасын, тұман және көктайғақ күтіледі. Бірқатар өңірде желдің екпіні 28–30 м/с-ке дейін жетуі мүмкін. Жол қозғалысы мен алыс сапарларда аса сақ болған жөн.












