Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін өңірлерде тұман мен көктайғақ күтіледі

Бүгін өңірлерде тұман мен көктайғақ күтіледі

Астана қаласында 16 ақпанда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.
Фото:
iStock
Қазақстан бойынша бүгінгі күнге дауылды ескерту жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz "Қазгидромет" РМК ақпаратына сәйкес.
Жауын-шашын (жаңбыр, қар, күшті жаңбыр, найзағай): Астана, Шымкент, Түркістан облысы, Павлодар облысы, Қарағанды, Ұлытау, Батыс Қазақстан облысы.

Көктайғақ: Астана, Алматы, Шымкент, Жамбыл облысы, Ақмола облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Қостанай облысы, Қарағанды облысы, Павлодар облысы, Ақтөбе облысы, Атырау облысы, Маңғыстау облысы, Қызылорда облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Абай, Жетісу, Алматы облыстары.
Тұман: Алматы, Жетісу, Абай, Түркістан облысы, Жамбыл облысы, Ақтөбе облысы, Маңғыстау облысы, Қызылорда облысы, Шығыс Қазақстан облысы.

Дауылды ескерту сақталады:
Алматы қ.: 16 ақпанда кей уақытта тұман күтіледі.
16 ақпанда облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.

Дауылды ескертулер күтіледі:
Астана қ.: 16 ақпанда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Алматы қ.: 16 ақпанда түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі.
Шымкент қ.: 16 ақпанда күндіз жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

16 ақпанда түнде Түркістан облысының таулы аудандарында жауын-шашын (көбінесе жаңбыр), күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, облыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың тау асуларында, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.

16 ақпанда түнде Жамбыл облысында оңтүстік-батысында, шығысында, таулы аудандарында, күндіз таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, түнде облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

16 ақпанда Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с.

16 ақпанда Жетісу облысының шығысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.

16 ақпанда түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

16 ақпанда түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында қар, бұрқасын, күндіз жауын-шашын (көбінесе қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

16 ақпанда күндіз Павлодар облысының батыс жартысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

16 ақпанда түнде Қостанай облысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, облыстың солтүстігінде қатты қар, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с.

16 ақпанда күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-18 м/с.

16 ақпанда таңертең және күндіз Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман.

16 ақпанда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Тұман күтіледі. Жел батыстан оңтүстікке ауысып соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

16 ақпанда түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-18 м/с күтіледі.

16 ақпанда Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-18 м/с.

16 ақпанда түнде Маңғыстау облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Тұман. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

16 ақпанда түнде және таңертең Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

16 ақпанда түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстік-шығысында 15-20 м/с.

16 ақпанда түнде және таңертең Абай облысының шығысында тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.
16 ақпан 2026 ж. 32 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728