16 ақпанда елдегі қай жолдарда қозғалыс шектелді
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады.
Фото: PexelsҰлттық компанияның мәліметінше, қолайсыз ауа райына байланысты төмендегі учаскелерде уақытша қозғалыс шектелді:
Ақтөбе облысы
• «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолы, 965-1240-шақырым (Қарабұтақ ауылы – Қызылорда облысының шекарасы).
Қызылорда облысы
• осы автожолдың 1240-1362-шақырымы (Ақтөбе облысының шекарасы – Арал қаласы).
Жетісу облысы
• «Үшарал – Достық – ҚХР шекарасы» автожолы, 84-164-шақырымы (Көктұма станциясы – Достық станциясы).
Павлодар облысы
• «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолындағы «Қалқаман» жолайрығы учаскесінде (Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығар жол) қозғалыс шектелген.
Шығыс Қазақстан облысы
• Осинов асуында тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы – Серебрянск қаласы) учаскесінде қыс аяқталғанша сақталады.
Еске салайық, «Қазгидромет» синоптиктері 16 ақпанда еліміздің бірнеше өңірінде ауа райы күрт бұзылатынын ескертті. Алдағы уақытта жаңбыр мен қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады, жел соғып, екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.










