Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Республикалық референдум өтеді

Республикалық референдум өтеді

Фото: Жасанды интеллект
Тәуелсіз Қазақстан тарихында бүгінгі күнге дейін 4 референдум өткен. Оның екеуі Конституцияға қатысты болды. Біріншісі 1995 жылғы 30 тамызда жаңа Конституцияны қабылдау мақсатында өткізілсе, екінші референдум 2022 жылғы 5 маусымда Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекіту үшін болды. 2026 жылдың 15 наурызында Конституцияның жаңа жобасын қабылдау бойынша тағы да референдум өтпек.
Жаңа Ата заң референдумда қабылданған жағдайда, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді. Бұл туралы жаңа Конституция жобасында айтылған. Құжатқа сәйкес, егер жаңа Конституция референдумда мақұлданса, оны қабылдау күні мемлекеттік мереке болып бекітіледі.
"Республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді, бұған дейін қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының қолданысы сол мезгілден бастап тоқтатылады", – делінген 94-баптың 1-тармағында.
Конституциялық реформа жөніндегі комиссия 2026 жылдың 21 қаңтарында Президенттің жарлығымен құрылған. Комиссияның негізгі міндеті – Қазақстанның Конституциясына қатысты ұсыныстар әзірлеу және жүзеге асыру. Қазіргі уақытта комиссия жұмысын аяқтап, Конституцияның соңғы жобасын дайындап, барлық түзетулер енгізілді. Құжаттың мәтіні құқықтық тұрғыдан жетілдіріліп, терминдер мен мағыналар арасында сәйкестік сақталды. Бұқаралық пікірлерден шамамен 10 мың ұсыныс келіп, комиссия оларды мұқият қарап, ортақ шешім қабылдады. Алғашында Президент Конституцияның 40-қа жуық бабын өзгерту жоспарланғанын айтқан-ды, бірақ жұмыс барысында түзетулердің саны көп екенін анықталған.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылдың 15 наурызында республикалық референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды. Жаңа Конституция жобасы 2026 жылдың 12 ақпанында бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды. Жарлықта "Сіз Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?" деген сауал қойылып, республикалық референдумға шығарылатыны айтылған.
Республикалық референдумға дайындық пен оны өткiзу Референдумның орталық комиссиясының қызметiн атқаратын Орталық сайлау комиссиясына, сондай-ақ референдумның аумақтық және учаскелiк комиссияларының қызметiн атқаратын аумақтық және учаскелiк сайлау комиссияларына жүктелді.
"Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясымен, Қазақстан Республикасының басқа да орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізу бойынша қажет шаралар қабылдасын", – делінген президент жарлығында.
Жалпыхалықтық референдум арқылы қабылданған жаңа Ата Заң еліміздің құқықтық жүйесінде маңызды өзгерістерге жол ашады. Бұл реформалар құқықтық жүйенің тұрақтылығын нығайтып, елдегі демократиялық процестердің дамуына, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуына тың серпін береді. Сонымен қатар жаңа Конституцияның қабылдануы мемлекеттік басқару құрылымын жетілдіруге, құқықтық негіздер мен заңдардың тиімділігін арттыруға ықпал етіп, елдің халықаралық аренадағы имиджін де жақсартады. Осылайша, жалпыхалықтық референдум нәтижесінде қабылданған жаңа Ата Заң елдің құқықтық жүйесінде жаңа кезеңнің басталуына негіз болмақ.
А. ЖҮСІПОВА
14 ақпан 2026 ж. 19 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728