Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мораторий күшін жойса бензин бағасы қандай болады: Энергетика министрлігі жауап берді

Мораторий күшін жойса бензин бағасы қандай болады: Энергетика министрлігі жауап берді

Фото: pixabay.com
Мәжіліс кулуарында Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев мораторийдің күшін жоюдан кейін жанар-жағармай бағасы қымбаттауы мүмкін бе деген сауалға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта мораторийді тоқтату мәселесі қарастырылып жатқан жоқ.
"Мұндай шешім әзірге қабылданған жоқ. 16 қазанда АИ-92 маркалы бензин мен дизель отыны бағасының өсуіне мораторий енгізілген болатын. Бұл сол күйінде сақталып отыр. Қазір біз АИ-95 бензинінің бағасын реттемейміз. Сондықтан бүгінгі күні жанар-жағармай бағасының өсуі талқыланып жатқан жоқ. Мораторийді алып тастау мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ. Шешімді үкімет қабылдайды. Сондықтан біз үкімет қалай шешсе, солай әрекет етеміз", – деді вице-министр.
Еске салайық, Үкімет шешімі бойынша 2025 жылғы 16 қазаннан бастап Қазақстанда инфляция деңгейі тұрақтанғанға дейін АИ-92 маркалы бензин мен дизель отынының бағасын одан әрі көтеруге мораторий енгізілген еді. Сол кезде Премьер-министр Энергетика министрлігіне Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен және өңір әкімдіктерімен бірлесіп бақылауды қамтамасыз етуді, сондай-ақ ішкі нарықты жанар-жағармаймен үздіксіз қамту бойынша шаралар қабылдауды тапсырған.
11 ақпан 2026 ж. 184 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930