Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Шипагер» бастауыш партия ұйымының жұмысымен танысты

«Шипагер» бастауыш партия ұйымының жұмысымен танысты

Бүгін «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай аудан әкімі Алмасбек Есмахановпен бірге аудандық партия филиалының «Шипагер» бастауыш партия ұйымының жұмысымен танысты.
Бастауыш партия ұйымының төрағасы Күншығар Әбілов ұйымның қызметі жайлы және партиялық жобалар аясында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Қазіргі уақытта «Шипагер» БПҰ құрамында 424 партия мүшесі бар, аудандық филиалға қарасты ірі бастауыш ұйымдардың бірі. «Ардагерлерді ардақтайық», «Бақытты отбасы» секілді партиялық жобалар аясында көшпелі медициналық көмек көрсету, қабылдаулар мен кеңес беруді тұрақты түрде жүзеге асырып келеді.
Сонымен қатар, «Баланы мектепке дайындайық!», «Таза бейсенбі» акцияларына да белсенді қатысады. Бастауыш партия ұйымынан қоғамдық қабылдау бөлмесі ашылған. Мұнда партия басшылығы мен фракция мүшелері келіп, жоспарлы түрде қабылдаулар өткізіп отырады.
Партия филиалының төрағасы ұйымның белсенділігін жоғары бағалап, әрі қарай да жұмысын жандандыру қажеттігін атап өтті.
#AMANAT
05 ақпан 2026 ж. 209 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031