Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Енді екінің бірі коуч бола алмайды. Талап қандай?

Енді екінің бірі коуч бола алмайды. Талап қандай?

Фото: iStock
Қазақстанда алғаш рет коучиң қызметі бойынша кәсіби стандарт бекітілді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәжіліс депутаты Динара Наумованың айтуынша, коучтар мен тренерлер үшін сертификаттау жүйесін енгізу бастамасы 2025 жылғы ақпанда көтерілген. Осы уақыт ішінде нарық өкілдерімен бірнеше кездесу өтіп, әртүрлі пікірлер ескерілген. Нәтижесінде коучиң қызметін реттейтін бірыңғай кәсіби стандарт қабылданды.
Кәсіби стандарт коуч болып жұмыс істеуге кімнің құқығы барын, қандай білім мен тәжірибеден өту қажеттігін, сонымен қатар мамандықтың шекарасы мен кәсіби және этикалық жауапкершілікті нақты айқындайды.
Кәсіби стандарт коучиңнің тоғыз бағытын қамтиды. Олар: бизнес-коуч, мансаптық коуч, лайф-коуч, командалық коуч, лидерлік бойынша коуч, денсаулық және wellness коуч, кәсіпкерлерге арналған коуч, білім беру коучы және спорттық дайындық коучы.
«Коучиң қызметі» кәсіби стандарты Халықаралық коучиң федерациясымен (ICF Kazakhstan) бірлесіп әзірленген. Енді коуч болып жұмыс істегісі келетін азаматтар ICF сертификатын алуға тиіс. Сертификаты жоқ коучтарға қатысты жауапкершілік күшейеді.
Еске салайық, бұған дейін мәжіліс депутаты Амантай Жарқынбек үкіметтен азаматтарды психологиялық тұрғыда қорлайтын трениңдерге қатысты шаралар қабылдауды сұрады.

05 ақпан 2026 ж. 174 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930