Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Зейнеткер әже марқұм күйеуінің 26,6 млн теңге қарызын төлемейтін болды

Зейнеткер әже марқұм күйеуінің 26,6 млн теңге қарызын төлемейтін болды

Фото: ЖИ иллюстрациясы
Сот зейнеткер әйелден өндірілген миллиондаған теңге залалды жойды. SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, кассациялық сот марқұм күйеуінен қалған 26,6 миллион теңгеге жуық залалды өтеу жөніндегі талапқа тартылған зейнеткер әйелдің шағымын қанағаттандырды.
Бұл туралы Кассациялық сот хабарлады. Соттың азаматтық істер жөніндегі алқасының мәліметінше, төменгі сатыдағы сот шешімдерімен әйелден 26 688 932 теңге көлемінде залал өндіріп алу көзделген. Іс материалдарына сәйкес, бастапқыда екі адамға сеніп тапсырылған мүлікті жымқыру дерегі бойынша талап арыз берілген. Әңгіме 180 бас жылқыны иемдену фактісі туралы. Қылмыстық іс бойынша айыпталғандардың бірі жымқыруға көмектескені үшін сотталған, алайда кейін қайтыс болған. Осыған байланысты оның мұрагері – жұбайы азаматтық іс бойынша жауапкер ретінде тартылған. Бірінші сатыдағы сот марқұмның жұбайынан, яғни зейнеткер әйелден 36 бас малдың құнын өндіріп алу туралы шешім шығарып, залал көлемін 10 654 136 теңге деп белгілеген. Алайда апелляциялық саты істі қайта қарап, залалды екі жауапкерге үлестік тәртіппен бөліп, әрқайсысынан 26 688 982 теңгеден өндіріп алуды ұйғарған. Зейнеткер әйел бұл шешіммен келіспей, кассациялық шағым түсірген. Оның айтуынша, марқұм күйеуі тек 36 бас жылқыны өткізуге көмектескен, сондықтан талап сомасы сол мүліктің құнынан аспауы тиіс. Соған қарамастан, күйеуі қайтыс болғаннан кейін барлық залал сомасы мұрагер ретінде оның өзінен өндірілген. Кассациялық сот істі қарау барысында бірқатар өрескел процессуалдық бұзушылықтарға жол берілгенін анықтады. Атап айтқанда, іс заңсыз сот құрамымен қаралған және сот актісіне істі қарауға қатыспаған судья қол қойған. Сонымен қатар сот жауапкершіліктің түрін де қате айқындаған. Үкімде залалдың бірлесіп келтірілгені көрсетілгеніне қарамастан, азаматтық іс бойынша үлестік жауапкершілік қолданылған. Осы негіздер бойынша төменгі сатылардың сот актілері күшін жойып, зейнеткер әйелдің кассациялық шағымы қанағаттандырылды.

03 ақпан 2026 ж. 118 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728