Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа кассациялық соттар жұмысын бастады

Жаңа кассациялық соттар жұмысын бастады

Фото
Қазақстан сот жүйесінде маңызды реформалардың бірі жүзеге асты. 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап елордада жаңадан құрылған үш дербес кассациялық сот – азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер жөніндегі соттар – өз жұмысын ресми түрде бастады.
2 шілдеде Астана қаласында соттардың ресми ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиев пен Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаев қатысты. Жаңа соттардың төрағалары да таныстырылды:
Азаматтық істер жөніндегі сотты – Асқар Смайылов,
Қылмыстық істер жөніндегі сотты – Ақан Жұмағұлов,
Әкімшілік істер жөніндегі сотты – Берік Нәжімиденов басқаратын болды.
Жаңа құрылымға судьялар конкурс арқылы іріктелді. Барлығы 334 үміткердің арасынан 75 судья тағайындалды. Олардың орташа жасы – 52, кәсіби тәжірибесі – 20 жыл. Таңдалғандардың 65 пайызы – әйелдер. Үміткерлерді бағалауда кәсіби біліктілікпен қатар, этика, ашықтық, БАҚ пен заңгерлік қауымдастықтың пікірі ескерілген.
Бұрын кассациялық деңгейде тек шектеулі істер қаралып, өтініштердің аз бөлігі ғана қабылданатын. Енді "жаппай кассация" жүйесі енгізілді:
Барлық арыздар міндетті түрде қаралады;
Әр іс алты ай ішінде шешілуі тиіс;
Жоғарғы Сот енді тек ерекше жағдайларда араласып, негізінен сот тәжірибесін жинақтау мен заңнаманың бірізділігін қамтамасыз етуге назар аударады.
Жаңа кассациялық соттардың құрылуы – әділдік пен ашықтыққа бағытталған сот реформасының маңызды қадамы. Оның басты артықшылықтары:
Азаматтар үшін сот төрелігіне қолжетімділіктің артуы;
Апелляциялық және бірінші сатыдағы соттардың шешім сапасының жақсаруы;
Жоғарғы Соттың тиімділігінің артуы;
Сот жүйесіне деген сенімнің нығаюы.
Бұл өзгеріс қоғамда әділеттілікті қамтамасыз етуге, құқық үстемдігін күшейтуге және сот билігінің тәуелсіздігін бекітуге жол ашады.
Қазалы аудандық соты әкімшісінің басшысы
Абылайхан Арғынұлы
20 тамыз 2025 ж. 46 0

Көкем қайта келе ме?

20 тамыз 2025 ж. 53

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031