Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық Құрылтайдың жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан қазалылықтар марапат төрінен көрінді

Ұлттық Құрылтайдың жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан қазалылықтар марапат төрінен көрінді

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында 20 қаңтар күні Сыр өңірінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Ұлттық құрылтайды ұйымдастыруға үлес қосқан бірқатар қазалылық азаматтарға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың «Алғыс хаттары» табысталды.
Марапаттау шарасына аудан әкімі Алмасбек Есмаханов қатысып, Ұлттық құрылтайдың V отырысында Президент көтерген маңызды бастамаларға кеңінен тоқталды.
- Қызылорда қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысы ел болашағы үшін айрықша маңызға ие. Президентіміз алқалы жиында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қарқынына, жүзеге асырылып жатқан жүйелі жобаларға және облыс басшылығының еңбегіне жоғары бағасын берді. Президентіміз биылғы жылы Сыр өңірінде жаңа драма театр мен Президенттік кітапхана ғимаратының салынатынын айтты. Бұл бастамалар өңірдің рухани және әлеуметтік дамуына тың серпін беретіні сөзсіз. Тиімділігі зор жобаның тағы бірі – «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автодәлізінің Қызылорда-Ақтөбе бағытында жолды төрт жолақты етіп кеңейтілуі. Көптен күткен бұл жоба өңір экономикасына қуат беріп, транзиттік әлеуетті күшейтетіні анық.
Ұлттық құрылтайдың ұйымдастыру жұмыстарына біздің ауданнан да бірқатар қызметкерлер біркісідей атсалысып, шараның жоғары деңгейде өтуіне септігін тигізді. Осы ретте, аталған шараны өткізуге ерекше үлес қосқан азаматтарға аймақ басшысының атынан, өз атымнан шынайы алғысымды, зор ризашылығымды білдіремін, - деді аудан әкімі Алмасбек Әбілқасымұлы.
Аудан басшысынан кейін, аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш сөз сөйлеп, өңірде Президенттің қатысуымен өткен алқалы жиынның жоғары деңгейде ұйымдастырылуы жерлестеріміздің шынайы еңбегі екенін жеткізді.
Мұнан кейін аталған шараны ұйымдастыруға үлес қосқан қызметкерлерді салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.
01 ақпан 2026 ж. 299 0

Қазақтың келіндері

25 тамыз 2026 ж. 80

Алданазар бидің шешімі

25 тамыз 2026 ж. 76

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31