Бүгін ауа райы қандай болады?
«Қазгидромет» РМК 30 қаңтар күні еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Фото: yandex.kz.Еліміздің батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен қар жауып, бұрқасын болады. Басқа аймақта жауын-шашын болжанбаған. Жалпы ел аумағында жел күшейіп, тұман түседі.
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, орталығында көктайғақ болып, тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні метр секундына 15-20 жылдамдықпен соғады.
Таңертең және күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігін, шығысын, орталығын тұман басады. Аймақтың орталығында жаяу бұрқасын болып, оңтүстік-шығыстан жел соғады.
Жел, боран және көктайғақ: Алдағы үш күнде ауа райы қалай құбылады?
Атырау облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, сондай-ақ Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман болжанған.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстік, оңтүстік және орталығын да тұман түседі.
Қатты аяз, қарлы боран: 14 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман болып, жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз Аягөз ауданында екпіні метр секунданы 15-18 жылдамдықпен жел соғады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында қар жауып, бұрқасын болады. Солтүстік-шығыстан жел соғып, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні метр секундына 25 болатын жел соғатыны болжанған.











