Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дауылды ескерту: синоптиктер 5 наурызға арналған ауа райы болжамын жасады

Дауылды ескерту: синоптиктер 5 наурызға арналған ауа райы болжамын жасады

Сурет: kashira.ru
5 наурыз қолайсыз ауа райына байланысты еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Астанада қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстіктен соққан желдің жылдамдығы күндіз секундына 15-18 метрге дейін күшейеді.
Ақмола облысының батысы мен оңтүстігінде қар жауады. Сонымен қатар, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде және шығысында жаяу бұрқасын байқалады. Оңтүстіктен соққан желдің екпіні батыс, солтүстік және шығыс аймақтарда секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Абай облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын соғып, оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстіктен және оңтүстік-батыстан соғып, батыс, солтүстік және орталық бөліктерде секундына 15-20 метр жылдамдыққа дейін күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қар жауады, жаяу бұрқасын соғады. Облыстың батысында, шығысында тұман түседі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде қар жауады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні секундына 15-18 метрге жетеді.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады. Түнде және таңертең облыстың шығысында, орталығында тұман түседі. 
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар жауады, бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Облыстың батысында, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.
Ақтөбе облысының батысында қалың қар жауады. Түнде облыстың батысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде көктайғақ болады. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі, жолдарда көктайғақ болады.
Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 17-22 м/с-ке жетеді.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ болады деп болжанып отыр. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 23-28 м/с-ке дейін жетеді.
Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың тау асуларында күші – 15-20 м/с.
Шымкентте түнде және таңертең тұман түседі деп күтілуде.
05 наурыз 2025 ж. 204 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 108

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 106

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 104

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 93

Кітап – Ұлттық қазына

18 сәуір 2025 ж. 173

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930