Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 5 наурызда кей өңірлерде қар жауып, көктайғақ болады

5 наурызда кей өңірлерде қар жауып, көктайғақ болады

Астанада кей уақыттарда қар жауады, жаяу бұрқасын, оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-18 метрге жетеді.
Фото: Pixabay
Синоптиктер ертең, 5 наурызда Астанада, Шымкентте және 12 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қар жауады, жаяу бұрқасын соғады. Облыстың батысында, шығысында тұман түседі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Абай облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде қар жауады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні секундына 15-18 метрге жетеді.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады. Түнде және таңертең облыстың шығысында, орталығында тұман түседі.
Астанада кей уақыттарда қар жауады, жаяу бұрқасын, оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-18 метрге жетеді.
Ақтөбе облысының батысында қалың қар жауады. Түнде облыстың батысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде көктайғақ болады. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар жауады, бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Облыстың батысында, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі, жолдарда көктайғақ болады.
Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде қар жауады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 17-22 м/с-ке жетеді.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ болады деп болжанып отыр. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 23-28 м/с-ке дейін жетеді.
Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың тау асуларында күші - 15-20 м/с.
Шымкентте түнде және таңертең тұман.
05 наурыз 2025 ж. 86 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31