Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде Нипах вирусын жұқтыру жағдайы тіркелмеген – ДСМ

Елімізде Нипах вирусын жұқтыру жағдайы тіркелмеген – ДСМ

Бұл туралы министрліктің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті ресми сайтында жазды.
Фото: canva
Қазіргі уақытта Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты және бақылауда тұр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 
Үндістандағы Нипах вирусына байланысты эпидемиологиялық ахуалға орай алдын алу мақсатында Мемлекеттік шекара арқылы өтетін барлық өткізу пунктінде санитариялық-карантиндік бақылау күшейтілген. 
– Ауру жағдайлары тіркелген Үндістаннан және Оңтүстік-Шығыс Азияның басқа да елдерінен келетін азаматтарға ерекше назар аударылуда. Аталған инфекция бойынша қолайсыз елдердің тізімі тұрақты түрде қайта қаралып, жаңартылып отырады.
Медициналық ұйымдар инфекцияның ықтимал әкелінуіне дайындыққа келтірілді. Жедел медициналық көмек бригадалары мен инфекциялық стационарлардың дайындығы қамтамасыз етілді, дәрілік заттардың, жеке қорғаныш құралдарының және дезинфекциялық құралдардың азаймайтын қоры қалыптастырылды, – делінген хабарламада. 
Инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында эндемиялық елдерге сапар жоспарлап отырған азаматтарға жеке профилактика шараларын сақтау және елге оралғаннан соң ауру белгілері пайда болған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгініп, дәрігерге барған елі туралы хабарлау ұсынылып отыр. 
26 қаңтар 2026 ж. 152 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031