Есірткіге алданған қарлығаш
Ертеде бір жасыл алқапта Қарлығаш есімді зерек бала өмір сүріпті. Ол арманы көп, болашағына сенетін еді. Бір күні орман ішінде жүріп, тәтті иісі аңқыған жылтыр тастарды ұсынған Қара Көлеңкемен кездеседі.– Мұны алсаң, уайымың кетеді, шаршамайсың, – дейді ол.
Қарлығаш алғашында сенбей тұрды, бірақ қызығушылық жеңіп, тастарды қабыл алды. Алғашқыда бәрі жақсы көрінді. Уақыт өте келе Қарлығаштың ойы тұманданып, күші азайып, армандары алыстай бастады. Ол достарынан, отбасынан суынып, жалғыздыққа тап болды.
Бір күні дана Ақсақал жолығып:
– Бұл тастар сенің жаныңды емес, өміріңді ұрлайды, – деп шындықты айтты.
Қарлығаш бар күшін жинап, тастардан бас тартып, дұрыс жолға түсті. Уақыт өте ол қайта күшейіп, үмітін қайтарды.
Сол күннен бастап алқаптағы балаларға:
«Есірткі – ертегі емес, ол қайғыға апарар жол» деп ескертіп жүріпті.
ТҮЙІН: Адамды бақытқа жетелейтін жол – таза өмір мен дұрыс таңдау.
Нұрқаш Нұрбек Шүменұлы,
Қызылорда облысы Қазалы ауданы
Әйтеке би кенті
Жанқожа батыр атындағы №70 орта мектеп














