Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыр қазынасын сақтау – қасиетті парыз

Сыр қазынасын сақтау – қасиетті парыз

Сыр өңірінің жүрегі саналатын қасиетті Қызылорда төрінде өткен Ұлттық құрылтай ел руханияты мен мәдениетіне қатысты маңызды мәселелерді қайтадан күн тәртібіне шығарды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың музей ісін дамытуға айрықша тоқталуы – ұлттық жадымызды жаңғыртуға бағытталған нақты қадамдардың айғағы. Әсіресе, өңірлік өлкетану музейлерінің қызметін жоғары бағалап, Сыр бойынан табылған құнды жәдігерлер мен дәстүрлердің ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енуге лайық екендігін атап өтуі – аймақ мәдениетіне көрсетілген зор сенім мен мәртебе.
Президенттің бұл пікірі Сыр елі музей қызметкерлерінің еңбегіне берілген әділ баға ғана емес, сонымен қатар келешекке бағытталған үлкен жауапкершілікті де жүктейді. Өйткені тарихтың үнін жеткізетін, ұлттың рухани қазынасын сақтайтын орын – музей екені даусыз. Осы орайда Ғани Мұратбаев мемориалдық музейінің ғылыми қызметкері Ақерке Бердібай Мемлекет басшысының сөзін үлкен мақтанышпен қабылдағанын айтты.
«Ол аймақта өлкетану музейінің жұмысына ерекше тоқталып, аймақта табылған құнды жәдігерлер мен дәстүрлеріміз ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізімінде болуға лайық деп танығаны біз үшін үлкен мақтаныш. Расында, біздің өлкеміз осындай жауһар мұраларға әбден бай. Осындай жақұт қазыналарымызды сақтап, олардың қадіріне жету, әрине, бірінші кезекте біз – музей қызметкерлерінің еншісіндегі іс. Ел Президентінің облыстағы өлкетану музейін тілге тиек етіп, оған айрықша тоқталуы тек ондағы әріптестерге ғана емес, жалпы аймақтағы барлық музей қызметкерлерінің еңбегіне берілген оң баға деп білемін. Алдағы уақытта да еліміздің құнды жәдігерлерін сақтап, оларды жаңғырту жолында аянбай еңбек ете береміз», – дейді ол.
Шынында да, Сыр өңірі – сан ғасырлық тарихты, ұлттың болмысын бойына сіңірген киелі мекен. Осы бай мұраны көздің қарашығындай сақтап, келер ұрпаққа аманат ету – музей саласы мамандарының басты миссиясы. Ұлттық құрылтайда айтылған бұл маңызды ойлар өңір музейлерінің жұмысын жаңа деңгейге көтеріп, рухани мұраға деген қоғамдық жауапкершілікті арттыра түсері сөзсіз.



21 қаңтар 2026 ж. 116 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031