Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекет басшысы: Қызылордада жаңа драма театр салу жоспарымызда бар

Мемлекет басшысы: Қызылордада жаңа драма театр салу жоспарымызда бар

Президент:
«Мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағдарының бірі – мәдениет пен өнер. Себебі, қоғамның санасы жаңғырмаса, реформалар ойдағыдай нәтиже бермейді. Бұл – ақиқат.

Сондықтан біз руханият мәселелеріне айрықша мән береміз. Бұл салада бұрын-соңды болмаған ауқымды шаруалар қолға алынады.
Атап айтқанда, Алматы облысында қазақ драма театры, Абай, Ақтөбе облыстарында театрлар бой көтереді. Шымкентте де опера және балет театрының құрылысы басталмақ.

Биыл Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының ашылғанына 100 жыл толды. Осыған орай, театр ғимаратына жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмысы аяқталмақ.

Наталья Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры да жаңғыртылады.

Бұдан бөлек, екі жылдың ішінде елімізде 100-ден астам мәдениет ошағы жөнделеді.

Музей ісін дамыту – маңызды міндеттің бірі. Осы ретте, Қызылордада ашылған жаңа тарихи-өлкетану музейін ерекше атап өткім келеді. Мен күзде қалаға жұмыс сапарымен келгенде мұражайды аралап көрдім.

Заман талабына сай салынған орталықта музей ісін ұйымдастырудың тың тәсілдері қолданылған. Бұл тәжірибені басқа облыстарға үлгі етуге болады.

Қызылордада жаңа драма театр салу жоспарымызда бар, биыл құрылысты бастауымыз керек.
Өткен сапарымда мен облыстың зиялы қауым өкілдерімен кездескен кезде заманауи кітапхана салу керек деп айттым. Енді бұл құрылыс биылдан бастап жүргізіледі».

t.me/aqorda_resmi
20 қаңтар 2026 ж. 256 0

Сөз төркіні тереңде

19 қыркүйек 2026 ж. 13

Дара болмысты дәрігер

19 қыркүйек 2026 ж. 14

Тұрғындар тілегі тыңдалды

19 қыркүйек 2026 ж. 13

Қысқа қам қалай?

19 қыркүйек 2026 ж. 13

Мерекелік қабылдау өтті

19 қыркүйек 2026 ж. 13

Жарық пен көпір бақылауда

19 қыркүйек 2026 ж. 15

Өнерді өнеге еткен ісмер

19 қыркүйек 2026 ж. 18

Болашағы зор бастама

19 қыркүйек 2026 ж. 31

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930